» » Барлық жақсылық - балаларға!

Барлық жақсылық - балаларға!

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтардағы жарлығына сәйкес 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады.Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөліп отыр.
Біздің ауданымыздағы Денсаулық сақтау саласы да мейілінше балаларға жан-жақты қолдау көрсетуде.
Солардың бірі жаңа үлгідегі жасақталған Жылжымалы Медициналық Кешенді (ПМК) автобусы шалғайдағы елді мекендерді аралап,құрамындағы тар буынды мамандары бала - бақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын, ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізді. Ерекше дамыған балалар мен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мекемедегі Бастауыш Кәсіподақ Ұйымы мен еріктілер қоғамының жетекшілігімен көптеген көмектер көрсетілуде. Әртүрлі форматта кездесулер ұйымдастырылып, балаларға серпін мен жігер сыйлар істер жасалынуда. Сондай-ақ, Қармақшы Аудандық Орталық Аурухана қарамағындағы Жастар Денсаулығы Орталығы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мектептерді аралап ,түрлі ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстарын жасауда. Балаларға қоғамда кездесетін түрлі аурулар туралы жадынамалар таратып,алдын алу жолдары ,екпе жұмыстары,қауіпсіздік шаралары жайлы ақпараттандырылып келеді. Өзін өзі тану,дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру,өзіне жауапкершілікті арттыру, болашаққа айқын мақсат қою мен өзіне сенімді болу, психикалық денсаулығын нығайту жөнінде кеңестер берумен сала мамандары айналысуда. Аудандық білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы, ішкі саясат бөлімі, аудандық полиция бөлімі, үкіметтік емес ұйымдармен де (келісім бойынша) бірлескен іс - шаралар жоспары бойынша жыл басынан бері көптеген жұмыстар атқарылды.
1-маусым балаларды қорғау күніне орай да мекеме кәсіподағымен бірігіп жасалынатын шаралар ойластырылған. Тек биылғы жыл көлемінде ғана емес, үнемі балалар мен жасөспірімдер мәселелері назардан тыс қалмайды.
Барлық жақсылық - балаларға!
Ел үміті жастарда!
Бала-болашағымыз!
Сау ұрпақ - сау ел!
Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығы
01 маусым 2022 ж. 615 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031