» » Бала бақытты болу үшін жаралған

Бала бақытты болу үшін жаралған

"АДАМНЫҢ БІР ҚЫЗЫҒЫ БАЛА ДЕГЕН" ДЕП АБАЙ АТАМЫЗ АЙТҚАНДАЙ, БАЛА БІЗДІҢ ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ. АДАМ ӨМІРІНЕ МӘН МЕН СӘН БЕРЕТІН ДЕ ОСЫ БАЛА. СЕБЕБІ ӘРБІР ПЕРЗЕНТ ОТБАСЫНЫҢ МЫЗҒЫМАС ТІРЕГІ, ЕРТЕҢГЕ ДЕГЕН СЕНІМІНІҢ КЕПІЛІ.

Ұрпақты ұлттың жалғасы деп қараған бабаларымыз өзге жұрттан ұрпақ тәрбиесіне деген ынта-ықыласы жағынан озық екені белгілі. Ақын Мағжан Жұмабаев «Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң, солай өседі» дейді. Қарап отырсақ, қазақ сәбиін бесік жырымен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен елітіп, жырдастанмен құлақ құрышын қандырған. Ел қорғаған батырды, сал-сері мен ақынды оларға өнеге еткен.
Міне, осындай мейірім мен даналықты бойына сіңірген қазақтың қай ұрпағы болмасын ұлттық намысты жоғары қоятын, көргенді, көпшіл болып өскен. Бұл мәселе, яғни ұрпақ тәрбиесі қай кезде де күн тәртібінен түспеуі тиіс екенін аңғартады. Себебі ұлт келешегі сапалы, саналы тәрбиеден бастау алады. Осы орайда, биылғы барыс жылын Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялағаны қуантарлық жайт. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық құттықтауында мәлімдеген болатын. Ол өз сөзінде «Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек» деді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз екендігін атап өтті. «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жария лау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген Қасым-Жомарт Тоқаев көптің көңіліне қуаныш ұялатты. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері балаларға арнайылап ден қойып, маңыз беріп отырған осы жылдан күтеріміз мол. Себебі қоғамда жыл сайын балаларға қатысты қаншама құқықбұзушылық, қылмыс, оқыс оқиғалар болып жатады. Шын мәнінде соның барлығы терең зерделеуді, тегеурінді тәртіпті қажет етеді. Бүгін балаға мән бермеу – еліңнің ертеңін елең қылмаумен бірдей. Өткен жылғы жүргізілген Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша жалпы халық саны 19 169 550 адам болды. Соның 33,97 проценті – 17 жасқа дейінгі балаларды құраған. Сондықтан да біз баланың зорлықзомбылыққа ұшырағанын, балконнан құлап кеткенін, қоғамда құқығы бұзылғанын, кибербуллингтің құрбаны болғанын қаламаймыз. Себебі алдағы өмірінен жақсылық күтіп, аяулы арманы мен мақсаты бар баланың өмірде бір ғана мәрте жасып қалуының өзі апатқа әкеп соқтырарын ескергеніміз абзал. Бала – сонау балалық шақтан бастап лайықты тәрбие алсын, бала ұлттық тамырынан ажырамасын, заманға бейім болсын, бос уақытын пайдалы өткізсін, қажетті ем-домын еш кедергісіз алсын, арман-қиялының шындыққа айналарына сенсін дегіміз келеді. Бұл – бауыр еті баласының бақытты болуын қалайтын әрбір ата-ананың жүрек түкпіріндегі тілегі. Биылғы жылды Балалар жылы деп жариялау еліміздің ертеңіне деген жанашырлық екені айдан анық. Алайда балаға бір күн немесе бір жыл ғана назар аударған жеткіліксіз. Оның болашағының жарқын болуы үшін өмір бойы жұмыс істеген ләзім. Дүрбелеңге толы дүниеде болып жатқан көптеген келеңсіз оқиғалардың бел ортасында жазықсыз, бейкүнә сәбилер жапа шегуде. Қорғансыз сәбилерді қоғам қолдамаса, басқасынан не үміт күтеміз? Ендеше бұл жылды лайықты атап өтіп, балаға деген қамқорлықты қажеттілікке айналдыруымыз керек. Себебі әрбір бала бақытты болуы үшін жаралған.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
18 қаңтар 2022 ж. 2 438 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031