» » » Бақытты қоғам – бақытты отбасының негізі

Бақытты қоғам – бақытты отбасының негізі

Отбасынан асқан байлық бар ма? Қазақ халқы отбасы құндылығын сонау ықылым замманнан бірі қадірлеп, атадан-балаға мирас етіп отырған. Ұл мен қыздың, сол сияқты келіннің тәрбиесіне аса мән беріп, олардың қоғамда дұрыс қалыптасуына септігін тигізе білген.
"Отбасы – шағын мемлекет" деген. Қазақ елінде кәмілеттік жасқа толған әрбір бозбала мен бойжеткен отау тігіп, отбасын құруға құқылы. Жанұя – адам өмірінің ең бастау бұлағы. Жанұяны жылы ұяға айналдыру отбасы құрған ерлі-зайыптының басты міндеті әрі парызы. Отбасының асқар тауы, қамқоршысы – әке болса, ана – бала тәрбиесімен тікелей айналысушы. Халқымыз әкені бекерге асқар тауға теңемеген. Асқар тау – жел тұрса ықтасын, борасында жаныңа дем беретін қорғаның. Сол үшін де қазақ атамыз: "Ананың қарғысы – боқ, әкенің қарғысы – оқ" деп әке беделінің қаншалықты жоғары екенін осыбір бір ауыз сөзге сыйдырған. Ал ана – жауқазын гүлдей иісі жұпар аңқыған. Әсемдік пен сұлулықтың, ибалық пен инабаттылықтың белгісіндей. Ортасындағы бала – желкілдеп өсіп келе жатқан жасыл құрақ. Ұлды шаңырақтың иесі, ұрпақ жалғасы деп таныса, қызды "Қырық үйден тыю" деген түсінікпен тәрбиелеп өсіріп, жат жұрттыққа балаған. Себебі, қыз өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ұрпағын көбейтеді. Дана қазақ ертеден-ақ ұл мен қыздың тәрбиесіне мән беріп, бірін батырлыққа, батылдыққа баулыса, бірін сыпайылыққа, көрегенділікке баураған. Аттың жалында, түйенің қомында өскен қазекем төрт түлікті малдың жайын бес саусағындай біліп, дала философиясын бойға сіңіре білген халық.
Сондай бір көрегенділіктің көрінісі – қыз баланы анасы көбіне-көп үй тұрмысының жұмысына жекпеген. Оның өзіндік себебі жоқ емес. Ертеңгі күні отау тігіп, тұрмысқа шыққанда қыз бала тұрмыстық салтта анасынан үйренгенін істесе, ол енесіне жақпай қалуы мүмкін. Сондықтан ана қызына отбасында атқарылатын тірліктің негізгісін үйретіп қана қойса, қалған асхана шаруасын енесінің еншісіне қалдырған. Қыз – ұрпақтың, тіпті ұлттың анасы. Үлкенді сыйлау, кішіпейіл болу қыздарымызға жарасымды қылық. Ал жігіттерге бір сөзділік, уәдеде тұру, азаматтық тән.
Ұлтты ұлт ететін, болашағына жарқын жол көрсететін ата мен ана өнегесі. Еліміздің әрбір отбасы бақытты да берекелі болуға тиісті. Ондай отбасынан өсіп-өнген бала-шаға ұлттың қамын жейтін, жүрегіне мейірім нұры ұялаған ұрпақты дүниеге әкелері анық. Қазақтың қазақтығы да, даналығы да осында жатыр.
Дастан БУХАНОВ
21 тамыз 2019 ж. 2 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031