» » Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ

Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымына қарасты №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінде «Рухани жаңғыру, қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт-сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпы ұлттық ата- аналар жиналысы өткізілді.
Шараға топтық ұйым жетекшісі №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебінің директоры З.Тасымова, Ата-аналар комитетінің төрағасы Ә.Мұхамедалиев, қамқоршылық кеңес төрағасы М.Сарыөзенов, «Тұрмағамбет» бастауыш партия ұйымының маманы Б.Алмағамбетов және ұстаздар, ата-аналар қатысты. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұны, ата-аналарға сана ашықтығы, латын графикасына көшу, туған жерге тағзым, бәсекелестікті дамыту, 100 жаңа есім, 100 жаңа оқулық, гуманитарлық білімді дамыту туралы терең түсіндірілді. Сонымен бірге мектеп жетістіктері, бала өмірінің қауіпсіздігі туралы, алдағы соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші жайлы мектеп директоры хабарлама жасап, мектеп бітіру шараларын тәртіппен өткізуді, ақша жинау, сыйлық алу сияқты педагогикалық әдепке жат әркеттерге жол бермеу қажеттілігі қадап айтылды. Бала өмірінің қауіпсіздігін ата-ана, мектеп, қоғам болып қатаң қолға алу ата-ана мен мектеп ынтымағының берері көп деген тұжырым жасалды.

17 мамыр 2018 ж. 4 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 322
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031