» » БАЛА – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

БАЛА – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, өмірдегі ең қымбат қазына ол адамның ұрпағы, артында ізін жалғар баласы. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деп жатамыз. Халқымыз сан ғасырлар бойы «адамның бақыты – балада» деген нақыл сөзді санаға сіңірді. Бұл, әрине күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Кез келген адам өмір бойы құнына жете алмайтын бақыт деген сөздің өлшемін өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытты байлықтан табамын дейді. Енді бірі атақ пен данқтан, мансап пен қызметтен іздейді. Адамға шынайы бақытты – өзінің саналы, тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз осыған айтылса керек-ті.
1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміздің жыл сайын асыға күтетін төл мерекесі. Балалардың шат күлкісі мен қуанышқа толы мереке күні. Бөбектерге қамқорлық көрсетіп, құқығын қорғау тек белгіленген бір күнде ғана емес әрқашан да аға буын назарынан түспек емес. Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің өзге елдері де тойлап келеді. 1950 жылдан бастап 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіле бастады.
Бүгінде ауданда 34 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар. Онда 2976 бүлдіршін тәрбиеленуде. Олардың қата­рында 8 жекеменшік, 24 мемлекеттік, 2 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді.
– Ауданда балаларға білім және тәрбие беретін 2 санаторлық бөбекжай тегін қызмет көрсетеді. Онда балаларға толық жағдай жасалған. Балалардың тамағы да жақсы. Оқу-тәр­бие жұмысы да бір жүйеге қойылған. Жаз мезгілінде аудандағы балабақшаларда көбіне ата-аналар демалыс маусымы болған соң өз өтініштерімен демалысқа алып кетеді. Қазірде бала­бақшамен қоштасу кезеңі басталды. Бала­бақша түлектері мектепке ұшқалы жатыр, – дейді аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының бас маманы Мәрия Төрешова.
Алда жайдары жаз, көңілді демалыс, еңбек маусымы. Бұл бүл­діршіндердің асыға күтетін жыл мезгілі. Себебі балақайлар серуенге шығып, уақытты қызықты өткізуге талпынады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
03 маусым 2019 ж. 1 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031