» » Табандап сиыр баққан тиімді

Табандап сиыр баққан тиімді

Еңбектің ебін тапқан адамның қашанда табысқа кенелетіні анық. Ол ер немесе әйел деп те таңдамайды. Тек ынта керек. Қазір ерлермен бірге нәзік жандылар да иық тіресе еңбек етуде. Қай істе болсын нәзік жандылар қоғамға белсене араласып, өз кәсібін ашуда. Соның бірі Алдашбай ахунның тұрғыны – Жадыра Аймұратова.

Кейіпкеріміз мемлекет ұсынған бағдарламаны пайдаланып, кәсіппен айналысуды жөн көрген. Шағын кәсіпкерлікті қолдау аясында қайтарымсыз несие алып, сүт бағытында төрт бас сиыр ұстап отыр. Жұмыссыз болып үйде отырғаннан әрекет жасағанды жөн көрдім дейді ол сөз басын осылай бастап.

– Қимылдаймын деген адамға жұмыстың түрі көп. Ол үшін ерінбеу керек. Көп адам мал шаруашылығымен айналысқанды ауыр санайды. Себеп, жұмыс істеуге құлшынысы жоқтығынан. Жалпы түсінген адамға малда береке бар. Мезгілінде жем-шөбін беріп отырсаң олда саған ағарғанын береді. Таза табиғи өнімді тұтынасың. Қазір ауылдың өзінде мал ұстайтындар азайып барады. Қорадағы мал әрбір үйдің сәні ғой. Мен үшін төрт түлік ұстап, оны бағу үйреншікті жағдай. Бұрыннан мал баққан жандармыз. Сиырдың алдында жылқы ұстап, сүтін саумал еттік. Мемлекеттің жұмыссыз жандарға көрсетіп жатқан қолдауына ризамын. Осындай мүмкіндікті пайдалана білген жөн. Шүкір қазір мал ұстағанның арқасында тұрмысымда берекелі, – дейді Жадыра.

Бүгінде кәсіпкердің сүт өніміне тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Ол күнделікті өнімін қайда өткіземін деп бас қатырып жатпайды. Оның тұрақты сатып алушылары бар.

– Мал кәсібінде нарық тарапынан сұраныс еш уақытта да бәсеңсімейді. Етін сойып, сүтінен түрлі өнім шығарып сатсаң да өтеді. Сатып алған сиырларым сүтті, күніне 4-5 литрден береді. Сүтін жинап құрт жасаймын, балаларым да ішеді. Артылғанын қалаға сатамын. Түскен қаржыға көрші ауылдан жем-шөбін сатып аламын. Осылай ауылдың тіршілігін түлетіп, кәсіп етіп отырмын, – дейді ол.

Адам еңбегімен бағалы. Тамшыдай көмектен теңіз жасап, отбасылық істің көзін тапқан кәсіпкердің ісіне сүйсінуге болды. Бұйырса алдағы уақытта тағы да мал басын көбейтіп, кәсібін кеңейтуге ол бек кірісіп отыр.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
17 қыркүйек 2024 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031