» » Ешкі баққанның кәсібі кемел

Ешкі баққанның кәсібі кемел


«Пико, келе ғой мында» деді Мейрамкүл апай секеңдеген тентегін шақырып. Бұл қорадағы асыл тұқымды Заанен ешкілерінің ішіндегі ақылдысы. Суреттен көргеніңіздей адамнан қашпайды. Әлгі ешкіміз сөзді түсінгендей біз тұрған шарбаққа жақындап, дауыстап шақырған иесіне мойнын созып еркелей кетті. Ар жағында Сүтті қыз, Лиза, Мая, Даша, Саша ешкілері келгенімізге үрке қарап, қорада қашып жүр.
Бұл ақайлық кәсіпкер Мейрамкүл Рыспанбетованың Сексек ата тұқымын бағып өсірудегі алғашқы жемісі. Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несие алып, Шымкент қаласынан 15 бас Заанен ешкісін сатып алған. Бүгінде асыл тұқымдылардан төл алып, сүтін сату арқылы пайдасын көріп отыр.
– Бұған дейін жергілікті тұқымды ешкілерден екі бас асырап көрдім. Олар жақсы сүт берді. Содан кейін мал ұстауға қызығушылығым оянды. Екі басқа арнап салған тар қораны кеңейтіп, кәсіпкерлерге қолдау болған бағдарламамен ешкі санын көбейттім. Әр істің қиыншылығы қатар жүреді демекші сатып алған 15 ешкінің екеуі өліп қалды. Қалғанын ағамның үйіне бөліп ұстап, бағудамыз. Бұлар асыл тұқымды болғаннан кейін ерекші күтімді қажет етеді. Жылына бір рет егіз төлдейді. Көктемде төлдесе жаз бойы сауылады. Алғашында сүтті жақсы алдық, қазір аздан беріп жүр. Сүтінен құрт, май алып тұрақты тұтынушыларымызға қол жетімді бағада сатамыз, – дейді кәсіпкер.
Мейрамкүл апамыз қорадағы тазалықты бірінші орынға қойған. Арнайы соғылған қора-жайы тап-тұйнақтай. Лақтарын бөлек, сауын ешкілерін бөлек ұстайды. Ешкілердің де жүндері тықыр, түріне қарап сүйсінесің. Бәрі иесін тыңдайды. Аттарын атап шақырғанда қасына келе қалады. Соның ішінде кейіпкеріміз Пикосын ерекше жақсы көретінін де жасырмады.
– Ешкілерді сатып алуға барғанда ең бірінші Пико адамды танығандай маған келді. Содан бері бір-бірімізге жақынбыз. Айтқанды тыңдайды. Басқаларында өз аттарымен еркелетемін. Күнделікті жем-шөбін есеппен береміз. Жалпы ешкінің тамағына бей жай қарасаң, саған сүтін де солай береді. Сол үшін арпа, сұлы, биокорм беріп, жақсы сүт алудың қамын жасаймыз, – дейді ол.
Бүгінде ешкінің сүті мен жүнінің пайдасы зор екенін білсек те, бұл шаруаны қолға алып, кәдеге жаратып отырған кәсіпкерлер аз. Мал шаруашылығымен айналысатын көпшілік саудаға сиыр сүтін шығарады. Ешкі бағатындар жоқтың қасы. Қазақ «Есің кетсе, ешкі жи» деген. Түсінген адамға сөздің астарында көп мағына бар. Негізінде ешкінің күтімі тәуір болса басы тез көбейеді. Ал сүтінің айрықша құнары ұшан теңіз. Адам ағзасына пайдасы өте жақсы, ауруға бірден-бір ем. Ешкінің сүтінде кальций көп. Бұл әсіресе балаларға өте пайдалы. Жаңа сауылған ешкі сүтінің тағы бір қасиеті – оның қуаты 4-5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы.
Кейіпкеріміздің кәсібін танығандар бүгінде таңсық тағамның құнарын түсініп тапсырыс беруде. Ал шетелдік ғалымдар ешкі сүтінің ерекшелігін ескеріп, оны пайдаға асыруды әлдеқашан жолға қойған.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
 
21 тамыз 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031