» » ЕШКІ БАҒУ ЕРМЕК ЕМЕС

ЕШКІ БАҒУ ЕРМЕК ЕМЕС

«Есің кетсе ешкі жи» дейді атам қазақ. Ешкі ежелден-ақ халқымызда ерекеше бағаланған. Ешкі өсірудің басты мақсаты – түлік басын көбейту. Себебі ешкі – өсімтал жануар. Басқа түліктер жылына бір рет төлдесе, ал ешкі екі рет, көбінде егізден лақтайды. Қазақ «сүті ағып тұрған бұлақ, еті тамағыңа бап» деп мақтайтын Шекшек ата түлігінің пайдасы туралы сөз қозғамақпыз.
Қазақта «Қойлы бай – қоралы бай, ешкілі бай – есепті бай» деген мәтел бар. Бұл ешкіні арнайы бір мақсатпен ұстайтынынын аңғартса керек.  Енді ешкіні қандай мақсатпен ұстайды. Осыған тоқталсақ.
Біріншіден – сүті. Оның сүтінің пайдасы ұшан теңіз. Ғалымдардың айтуынша, ешкі сүтінің емдік қасиеттері көп. Әсіресе, асқазан ауруына, анемияға, көздің нашар көруіне, диатезде өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамындағы май түйіршіктері ұсақ болғандықтан адам ағзасына, әсіресе кішкентай балаға жұғымды болады. Ешкі сүті төрт түліктің ішіндегі ең құнарлысы. Тіпті ана сүтін алмастыра алады.  Екіншіден – еті. Оның еті қой етіне қарағанда тез қатады. Әйтсе де ол сіңімді әрі жеңіл, дәрумені де мол тағам. Себебі, ешкі – табиғатынан шөптің шүйгінін, яғни 550-ден аса түрін жейтін, судың тазасын ішетін өте талғампаз түліктің бірі.   Үшіншіден – терісі. Ешкінің терісінен иленіп, жүні сыртына қаратылып тігілетін тон, ішік жауынды күні таптырмас киім. Ешкі жүні қылшықты. Оған су сырғып тоқтамайды. Таулы аймақта жауын-шашын көп болғандықтан оның жергілікті халқы көбіне осындай ешкі терісінен тон киетін себебі осыдан. Төртіншіден, жүні мен түбіті үшін өсіреді. Қазақ қыста сыртта тоңазып, суық алып әбден әлсіреген адамдарды жаңа сойылған қара ешкінің терісіне орау арқылы бойындағы суықты алған.  Осылайша  ауруынан құлан-таза айығып кеткен екен.
Халқымыз ешкі өсірумен ертеден шұғылданып келе жатыр десек те, осы істің қыры мен сырын жақсы меңгерген адам қатары қазір сирей түскендей. Аудан көлемінде ешкі бағатын жандарды іздеп біраз әбігерге түстік. Себебі тұрғындардың көбі ірі қара малын қол көреді екен. Ешкі бағатыны сирек. Солардың қатарында Мықтыбай Төлегенов те бар.
–  Ешкі күтімді көп қажет ете бермейтін, өзге түлікке қарағанда тезірек көбейетін, табиғи жағдайға төзімді мал. Оны күтімге алуға кез келген қора жарай береді. Тек ол құрғақ әрі жарық болуы тиіс. Ешкінің бір әлсіз тұсы қатты желді көтере алмайды. Сондықтан қораның іші желкем болмағандығын ескерген абзалырақ. Ешкінің пайдасы – сүтінде. Дәмі де ерекше. Кішкентай балаға ешкі сүтінің пайдасы мол. Тіпті, ана сүтін алмастыратыны да бар, – дейді.
Өзге түліктердің сүтіне қара­ғанда ешкі сүтінің құра­мындағы темір ағзаға жақсы сіңеді. Сондық­тан да ешкі сүті сұранысқа ие. Мәселен, 1 литр ешкі сүті орташа есеппен 250 теңге тұрады. Демек күніне 1 ешкіден 1-2 литр сүт алсаңыз, ол 500 теңгені құрайды.
Сонда 1 ешкінің сүтінен айына 15 000 теңге, ал 6 айда 90 000 теңге кіріс келеді. Егер 10 ешкі сауып сатсаңыз, пайдаға кенелдім дей беріңіз. Пайданың көзін тапқан адамға ешкі өсіріп, оның өнімін саудалау – бизнес көзі десек те болады.
Иә, мал баққанға бітеді.  Жо­ғары­да ешкі малын бағудың бір­неше тиімді тұстарын сөз еттік.  Қандай малды бағып-күтетіні әркім­нің өз еркінде, әрине. Төзімді әрі көп күй талғамайтын ешкі өсірудің мықтап неге қолға алмас­қа?
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
02 сәуір 2019 ж. 2 919 1

Keltriata от 16 маусым 2019 00:37
Buy Ciprofloxacin Hydrochloride Ophthalmic Solution Propecia Soluzione Priligy Uk viagra online prescription Cialis Sur Internet Avis Levitra Folgen

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031