» » Отбасы мен қызметті қатар алып жүр

Отбасы мен қызметті қатар алып жүр

qarmaqshy-tany.kz Қазақстанда саяси һәм әлеуметтік болсын, кез келген салада әйелдердің өзін таныту үшін мүмкіндік мол. Нәзік жандылар еліміздің саяси өміріне белсене араласып, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамның өзге де салаларында қызмет жасап, биіктен көрініп жүр. Олар қай салада болсын ерлермен бірге иық тіресіп, қызу еңбек етуде. Мақаламызда сөз еткелі отырған Лаура Әзірбаева да мемлекеттік қызметте өз ісін меңгерген білікті маман. Ол осы салада он бес жылдан бері қызмет етіп келеді.
Кейіпкеріміз Қазалы ауданының тумасы. Кейін отбасының Төретам кентіне көшіп келуіне байланысты ол осындағы №80 мектеп-гимназиясында білім алады. Мектепті бітірген соң үлкен өмірге қадам басып, 1998 жылы Қызылорда қаласындағы агро-техникалық колледжге оқуға түсіп, одан соң Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде оқуын жалғастырып, өзі қалаған мамандығын алып шығады.
Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы кентте салықшы болып бастайды. Уақыт өте жетекші маман, бас маман қызметіне көтеріледі. Қазір Лаура ел экономикасының дамуына өз үлесін қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлердің бірі. Кең пейілді, мейірімі мол, жайдары мінезінің арқасында қызметтестерінің ықыласына бөленген.
Адам өміріндегі басты құндылық – отбасын құрып, ұрпақ өрбіту болса, соның ішінде әйел затының негізгі міндеті – өмірге ұрпақ әкеліп, ана атану. Лаура Темірханқызы Байқоңыр қаласының азаматы Марат Күзембаевпен шаңырақ көтеріп, жеті бала тәрбиелеп отыр. Ол қазір «Алтын алқа» төсбелгісін омырауына таққан бақытты ана, үлгілі отбасы. Жары Марат Байқоңырдағы қалалық ауруханада рентгенолог. Бүгінде балаларының үлкені Аружан – Астана Халықаралық университетінің 3 курс студенті болса, ортаншысы Досымжан – биыл мектептің бітіруші түлегі. Одан кейінгі Ердос пен Дияр Ақай ауылындағы №279 мектеп-лицейінде білім алса, ал Нұрасыл мен егіз қыздар Айя мен Айлин №19 балабақшаның тәрбиеленушілері.
– Мемлекеттік қызметкер болу мен үшін абыройлы міндет. Бұл салада қызмет істеп келе жатқаныма көп болды. Әрине кез келген жұмыстың оңайы жоқ. Қазақта «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Яғни, отбасы мен қатар бала тәрбиелеу секілді биік міндеттер жүктелген. Міне осының барлығын нәзік жандар қиынсынбай қызметті қоса атқарып келеміз. Осының барлығы әйел жүрегінің мейірімінің шексіздігі деп білемін, – дейді өз ісінің маманы.
Қымбат БЕРДЕШ,
Төретам кенті
21 наурыз 2023 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031