» » Төккен тердің жемісі

Төккен тердің жемісі

ҰСТАЗ АЛДЫН КӨРМЕГЕН ЖАН ЖОҚ. ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА БІЛІМ БЕРУДІ ӨЗІНЕ КӘСІП ҚАНА ЕМЕС, ӨМІРЛІК МӘНІ ҚЫЛҒАН АРДАҚТЫ ДА ҚАДІРЛІ МҰҒАЛІМДЕР ӨҢІРІМІЗДЕ БАРШЫЛЫҚ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – АҚАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, АРДАҚТЫ АНА, СҮЙІКТІ ӘЖЕ, ЗЕЙНЕТКЕР-ҰСТАЗ КҮЛАЙ ӘБЖӘМИҚЫЗЫ.
Жақсы ұстаз өз жолын қуатын шәкірт тәрбиелеп, ұстаз бен шәкірт арасында үзілмес сабақтастық орнатқанда ғана ұстаздың есімі ұрпақтан ұрпаққа таралары сөзсіз. Себебі, кез келген салада, білім мен ғылымда болсын жетістікке жеткен жан әуелі өзінің алғашқы ұстазын еске алатыны белгілі. Кейіпкеріміз, зейнеткер-ұстаз Күлай Алдажарова да өз балаларына қарағанда шәкірттерінің есімін жиі қайталады. Ал, ұстаздың өз мамандығына деген сүйіспеншілігі қаншама жылғы еңбегінің жемісі, шәкірттерінің жеңісінен көрініп тұрады.
Күлай апай жас кезінен ұстаз болуды армандайтын. Ұстаз болу үшін адам өзі тәрбиелі болуы маңызды. Осы арманның жетегімен ұстаздық жолға түсуге шешім қабылдайды. Оныншы сыныпты Қазалы ауданы, қазіргі №24 Ү.Түктібаев атындағы мектепті 1978 жылы үздік бітіріп, Қызылорда қаласындағы музыка училищесіне оқуға түсіп 1982 жылы аяқтай салысымен, Төретам кентіндегі №85 орта мектепте еңбек жолын бастады. Жас маман сол кездегі мектептің байырғы ұстаздарынан көп әдістемелік көмек алады. Жалықпай-талмай ізденіс үстінде болған ол аз уақыт ішінде сы­ныбындағы шәкірттерінің үздік үлгерімдеріне қол жеткізіп, мектеп бас­шыларының алғысына бөленеді. Жас маманға сынып жетекшілік жұмыс беруі – бұл жас ұстазға деген үлкен сенім әрі жауапкершілігі жоғары міндет болатын. Бойында қайрат-жігері мол ұстаз жұмысты сенімді жүргізе білді. Көп ұзатпай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін жұмыстан қол үзбей сырттай бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын иеленген. Күлай апай оқу­шылардың пәнге қызығушылығын арт­тыру үшін үнемі сыныптан тыс теа­тр қойылымын ұйымдастырады.
Ол оқушылардың сахналық қойылы­мының басы-қасында бірге болып үлгі көрсетеді. Сол кезде «апай шаршаған жоқсыз ба?» деп сұрасақ, «жоқ, қайта қойылымға қарап жасарып қаламын» деп айтып отырады. Апай осы жұмыстан қандай нәтиже аласыз деп сұрағанда «оқушыларым эмоционалдық ұялшақтықтан, қы­сылып-қымтырылудан арылу мен сөзді, образды сезіне білу мен кейіп­керге ене білуді үйреніп, бір сәтке болса да қиял әлеміне шомылып, білімге құштарлығы оянады» деп айтатын. Театр қойылымдарымен оқушылар облыс, республика сахналарында өнер көрсетті. Атап айтар болсақ оқушылар арасында өтетін «Театрдың ғажайып әлемі» фестивалінде республикалық кезеңнен ІІІ орын иеленген. Ұстаз­дың мектептерде оқушылар театрына енгізу туралы мақаласы рес­публикалық білім саласындағы тә­жірибесі туралы республикалық «Қазақстан мұғалімі» газеті беттерінде жарияланып жатты. Бұл жайында аудандық басылым да оқырмандарына жеткізуден тыс қалған емес.
Әрдайым ізденіс үстінде жүретін педагог білімін жетілдіру мақсатында үнемі білім жетілдіру орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс атқарып, өзінің авторлық жобаларын әріптес­терге таныстырып отырады.
Тәжірибе жинақтаған білімді ұстаз жанұя жағдайымен сол кездегі іргелі білім ошағы Алматы облысындағы Ақши ауылындағы орта мектепке ауысып, бала жаннының бағбаны бола білгендіктен, мектеп әкімшілігі тәрбие саласын сеніп тапсырған. Өмір бір орында тұрмай жүйткиді дегендей 2002 жылы алғашқы ұстаздық еткен Төретам кентіне қайта оралып №80 мектеп-гимназияда өз жұмысын жалғастырып, зейнет демалысына шықты.
Ұлағатты ұстаздан дәріс алған шәкірттері бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мамандық иелері атанып, басшылық қызметте, бизнес саласында жемісті еңбек етуде. Бұл ұстаздың төккен терінің жемісі.
Білікті ұстаз өскелең ұрпаққа білім берумен қатар мектептің, ауылдың қоғамдық өміріне тұрақты атсалысты. Мектептегі кәсіподақ өмірі, әр жылдары өтетін түрлі аудандық сайыстардың әділқазы алқасы болып білім саласы жұмыстарына белсенділік танытты. Мұғалімдер конференцияларына, жиналыстарына делегат болып қатысты. Осы жылдар ішінде өз уақытын аямай, шәкіртінің уақытын аялап еңбек еткен ұлағатты ұстаз, шәкірттеріне өмірлік азық болар тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік тұрғыда бағыт-бағдар бергені үшін түрлі марапат иеленді.
Өмірі өнегемен өрілген ұлағатты ұстаз Күлай апай жолдасы Мырзабай екеуі отбасының берекесін айрандай ұйытып, 4 қыз өсіріп, тәрбиеледі. Олар да ана жолын қуып, әр қалада білім саласында қызмет етуде.

Толқын ТЛЕУҒАБЫЛОВА,
Т.Жүргенов атындағы
№80 мектеп-гимназияның мұғалімі
16 желтоқсан 2021 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031