Өмірі өнеге

Райла Едігеева – отыз жеті жылдан бері еселі еңбекпен көсегесін көгерткен тәжірибелі әрі білікті ұстаз. Ол 1961 жылы 14 желтоқсанда Арал ауданы, Тоқабай елді мекенінде дүниеге келген. 1979 жылы білім ордасын түлеп ұшқан соң Гурьев атындағы педагогикалық институтына бастауыш сынып мұғалімі мамандығын игереді. Қарашаңырақты тәмамдаған бойжеткеннің еңбек жолы туып-өскен жеріндегі №248 орта мектебінен басталған.
Райла Елеусізқызы біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында еңбек жолында лауазымдық қызметтерге дейін жеткен. Бүгінде ол Ақай ауылындағы №99 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Райла апай жас кезінен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болуды армандаған. Осы арманның жетегімен ұстаздық жолға түсуге шешім қабылдайды. Алайда жас қыздың арманы бола қоймайды. Өйткені өзі таңдаған мамандыққа қабылдау аяқталып қалады. Ал ауылдағы ата-анасының үмітін ақтауды мақсат еткен ол бастауыш сыныпқа құжаттарын тапсырады. Осылайша бастауыш сынып мамандағын аяқтап шығады. Білім нәрімен сусындап, оқуды енді бітірген жас маман Тоқабай ауылындағы мектепке дәріс беруге жолдама алады. Әзірге тәжірибесі жоқ болса да жалықпай, талмай, тынбай ізденіс үстінде жүріп, шәкірттерінің үздік үлгеріміне қол жеткізіп, көптің алғысына бөленеді. Бұл күндері ұлағатты ұстаздан дәріс алған шәкірттер елдің түкпір-түкпірінде түрлі мамандық иесі атанып, басшылық қызмет саласында еңбек етуде. Бұл әрине, ұстаз еңбегінің жемісі.
Райла Едігеева өскелең ұрпаққа білім беріп, ұстаздық жұмысымен қатар мектептің, ауылдың қоғамдық өміріне тұрақты атсалысып келе жатқан қоғам белсендісі. Мектептегі кәсіподақ өмірі, әр жылдары өтетін түрлі деңгейдегі іс-шара науқанының ортасында жүріп, белсенділікті жаны сүйетін жаңашыл ұстаз. Оның педагогика саласында еңбек етіп келе жатқанына 37 жыл.
Бүгінде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру бойынша мектеп тренері, мектепішілік «Озат тәжірибе» орталығының жетекшісі, аудандық озат тәжірибе орталығының мүшесі және менталды арифметика курсы бойынша мектеп оқушыларын оқытуда. Ұстаздық жолдағы ерен еңбегі бағаланып, аудандық, облыстық білім басқармаларының грамотасымен марапатталған. Әрі оның қоғамдық өмірдегі белсенділігі бағаланып, ұстаздар мерекесі қарсаңында орталық көшеге суреті ілінді.
Өмірі өнегемен өрілген ұлағатты ұстаз Райла апай жолдасы Құлбарақ ағамен отбасының берекесін айрандай ұйытып, екі ұл, бір қыз өсіріп, олардан немере сүйген құрметті ана, аяулы әже.
М.АЙБЕКОВА,
№99 орта мектебіндегі директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


15 ақпан 2021 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 088

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031