» Өз ісінің маманы

Өз ісінің маманы

Өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын адал атқаратын тұлға – мемлекеттік қызметкер. Бұл мамандықтың елдің даму жолында қосар үлес салмағы ерекше. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден» деген. Осы тұрғыда кәсіби мемлекеттік қызметші білімді, білікті, заман талабына сай талаптарға жауап беретін, ең бастысы, биязы мінезді, әдепті маман болуы қажет. Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуіне үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер баршылық. Соның ішінде – Ханшагүл Сағаеваның орны бір бөлек.
Мемлекеттік қызметші 40 жылға жуық Жосалы кенті әкімі аппаратында абыройлы қызмет етіп жүрген білікті маман. Қазіргі таңда атаулы мекемеде жер қатынастары және коммуналдық шаруашылықты реттеу бөлімінің жетекші маманы болып, жұмыстың алға басуына атсалысып жүр.
Ханшагүл Әбілтайқызы 1979 жылы мектеп бітіріп, Жамбыл  мәдени ағарту училищесіне оқуға түсіп, мәдени қызметкер мамандығын алып шығады. Бұл саладағы алғашқы еңбек жолын 1982 жылы аудандағы мәдениет үйінде бастайды. Онда екі жыл жұмыс істеп, кейін Жосалы қыстақ әкімшілігіне іс жүргізуші болып қабылданады. Уақыт өте мекеме Жосалы кенті әкімі аппараты болған тұста маман қызметінен кейін жетекші маманға жоғарылайды.
– Туған жердің өсіп өркендеуіне атсалысып, осы салада мемлекеттік қызметкер болып жүргенімді мақтан етемін. Жауапкершілігі мол қызмет халықпен тығыз байланыс жасауды талап етеді. Мұнда ұзақ жыл бойы абыройлы қызмет еткен сала ардагерлерінің ерекше қолтаңбасы бар. Мәселен, сол кездегі мамандығымыз бен қызметімізге адалдық танытудың нағыз үлгісі болған, Ұлы Отан соғысының ардагері Уәйіс Жансейтов ағамыздың ізгі жолы нағыз өнеге. Ол кісілердің жұмыс талабы өте қатал болатын. Одан кейін де әкім болған ағаларымыздың еңбектері өз алдына бір әңгіме. Міне сол кісілерден үлгі алып, ізбасары болып келеміз, – дейді тәжірибелі маман.
Жосалы кенті әкімі аппаратында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету, түрлі мәселемен келген тұрғындардың өтінішін қарау, анықтама беру, іс-қағаздардың дұрыс орындалуын қадағалау Ханшагүл апамыздың осы күнге дейін атқарған қызметі. Сонау тоқсаныншы жылдары түрлі құжаттар мен баяндаманы қол машинкасымен теріп, қате кеткен жағдайда қайтадан басып шығарғаны күні кешегідей есінде. Қазір заманның ағымына қарай түрлі техниканың дамуы жұмыстың біршама жеңілдеуіне септігін тигізіп жатқанын айтады.
Ең жауапты қызметте абыроймен жұмыс атқару ата-анадан сіңген қасиет болса керек. Қызметке жауапкершілікпен қарау ең басты ұстанымына айналған.
– Мемлекеттік қызметкер ең бірінші өз ортасына сыйлы, қызметіне адал болу керек. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, онымен күресу, әдеп, этика талаптарын орындау ең басты міндеті, – дейді ол.
Кейіпкеріміз абыройлы жылдар ішінде бірнеше мәрте облыс, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Кешегі Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғыс хатына ие болды. Бұл да болса атқарған қызметке көрсетілген лайықты құрмет.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
---
27 маусым 2022 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031