» » Өмір жолы өнеге

Өмір жолы өнеге


Елге аянбай қызмет ететін ұлы мамандық бар. Оның бірі – қатардағы сарбаз болып Отанға қызмет етсе, енді бірі шәкірт тәрбиелеп, оның адами тұлғасын қалыптастыруда тер төгіп, ұстаздық етеді. Ал кейбіреулер мемлекеттік басқарушы органда маңдай терін төгіп, билік пен халықтың арасын жалғауда алтын көпір болып, адал еңбек етуде қызметін өтейді. Соның бірі – саналы ғұмырын елге арнап, ауданның дамуына үлкен үлес қосқан сала ардагері Бақытжан Өтегенов.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықпен жұмыс істеу үшін жағымды мінез-құлық керек. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет деп аты айтып тұрғандай елге ерінбей еңбек етуің тағы бар. Кейіпкеріміз 1979 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-гидротехник ма­мандығы бойынша бітіріп, сол жылы «Қазсельхозды сумен жабдықдау» басқармасы аудандық шаруашылық есептегі құрылыс учаскесінде аға инженер қызметінен еңбек жолын бастаған. 1980 жылы «Майлыөзек» кеңшарында бас инженер-гидротехник қызметіне жоғарылап, осында он жыл қызмет істейді.
– Мемлекеттік қызметші атану – адамнан кәсіби білімді, жауапкершілігі мол әрі білікті маман болуын талап етеді. Халыққа адал қызмет етіп, елдің ұлттық мүддесін қорғай білуің керек. Ең бастысы – өзгеге үлгі бола білу қажет, – дейді ағамыз мамандығының басты миссиясын түсіндіріп.
Иә, мемлекеттік қызметшілер алдына келген адамның мәселесіне жете мән беріп, оны шешіп беруге әрекет етуі тиіс. Кез келгенді тыңдай білу және кеңдік көрсету ең алдымен адамның саналылығын білдіреді. Жүректерге жол табу, кісінің көңілінен шығу – қазаққа тән қасиет десек, халқымыз кең де көркем мінезімен көп нәрсені оңтайлы шешіп отырған. Сондықтан халыққа қызмет етудегі басты ұстаным – қарапайымдылық, әділдік пен адал болу.
Уақыт өте кеңшар тарап, «Алдашбай ахун» болып құрылған жылы Бақытжан ағамыз облыстық табиғат қорғау жөніндегі комитетінің аудандағы ко­митетіне бас маман болып ауысады. 1992 жылдан осы жылдың аяғына дейін облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің аудандағы комитетінде бас маман болады. Біліктілігі мен еңбекқорлығының арқасында жер кадастрлық филиа­лының директорлық қызметіне дейін жоғарылайды.
– Мемлекеттік салада қызмет ету көп нәрсені талап етеді. Мәселен, жұмыстан тыс уақытта да Әдеп кодексін қатаң сақтау бірінші кезден-ақ міндеттелетін басты жүк болып табылады. Лауазымыңды жеке басыңның пайдасы үшін қолданбай, адал атқару, сонымен қатар барынша сыпайы, әркез ұқыпты болуың керек, – дейді ол.
Бақытжан Әлиханұлы аудандағы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтеріледі. Күрмеуі қиын салада еңбек еткен уақыттарда 2011 жылы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігінің «Үздік жерге орналастырушы» құрмет дипломымен марапатталса, 2015 жылы Ұлттық Экономика министрлігінің «Құрметті жерге орналастырушы» төс­белгісін тағынады.
Еңбегін еліне арнаған ардақты азамат бүгінгі таңда зейнет жасында. Ел арасында қарапайым мәрт мінезімен, біліктілігімен белгілі. Жанұяда әулеттің тірегі, өнегелі әке. Туған елді түлету жолында тындырымды тірлігімен ерекшеленген Бақытжан ағамыздың жүріп өткен өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 шілде 2021 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031