"Құрмет" грамотасымен марапатталды
Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Қошалақов және Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Еркусаев саналы ғұмырын су шаруашылығы қызметіне арнаған Тушкеев Жалғас Дастанұлымен арнайы кездесіп, зейнет жасына толуымен құттықтап, ілтипат танытты.
Кездесуде аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы су шаруашылығы саласының дамуы жолында еңбек еткен Жалғас Дастанұлының айрықша қолтаңбасы бар екенін атап өтті.
Сонымен бірге аудан әкімінің орынбасары Ж. Еркусаев сөз алып - Сіздің ізгілікке толы жарқын ғұмырыңыз кейінгі жастарға өнеге болатындай ғибратты жол. Мерейтойыңыз тағы да құтты болсын!-деген тілектестігін жеткізді.
Тушкеев Жалғас Дастанұлы - 1958 жылы дүниеге келген. 1975-1980 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын бітіргеннен кейін ауданымыздағы қазірігі «Қармақшысушар» мекемесінде үзбей абыройлы қызмет етіп келеді. Алғаш еңбек жолын жұмысшы, мастер болып бастап, су шаруашылығы саласында учаске, бөлім бастығы, мекеме басшысы болып абыройлы қызмет атқарды.
Кездесу соңында мерейтой иесіне мәслихат хатшысы мен аудан әкімінің орынбасары «Құрмет грамотасын» арнайы табыстады.
Сонымен қатар ұжым басшысы Е. Бодыбаев қазақы дәстүрмен шапан жауып, құттықтау хаттарын табыстап, құрмет көрсетті.
Кездесуде ұжымдағы әріптестері қызмет жолындағы еңбегіне тоқталып, ізгі лебіздерін білдірді.
Өз кезегінде Тушкеев Жалғас Дастанұлы әріптестеріне және арнайы құттықтаған аудан басшылығындағы азаматтарға ризашылығын жеткізді.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі