» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ АТАҒЫ БЕРІЛДІ

Ауданымызда мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өсіп – өркендеуіне айрықша үлес қосқан Еркебаев Мырзабекке аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағын табыстады.
«Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағын табыс еткен аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы ауданымыздағы құрылыс пен тұрғын –үй, жол саласының өркендеуіне үлкен еңбек сіңіргенін ерекеше атап өтті. Алдағы уақытта елдің ықыласына бөленіп, зор денсаулық отбасына бақ-береке тіледі.
Еркебаев Мырзабек 1952 жылы Қармақшы ауданында, Жосалы кентінде дүниеге келген. Жоғары білім алғаннан кейін еңбек жолын 1969-1970 жылдары Қармақшы ауданындағы Жосалы механикалы зауытында токарь болып бастаған.
1975 жылдан - 1981 жылға дейін №1602 жылжымалы механикаландырылған құрылыс мекемесінде инженер, мастер прораб болған.
1981-2002 жылдары мастер прораб. 2002-2005 жылдары Қармақшы аудандық көпсалалы коммуналдық кәсіпорнының директоры, бас инженері, орынбасары ұызметтерін атқарған.
2005-2009 жылдары «Октябрь топтық су құбыры» филиалының директоры болды.
2009-2011 жылдар аралығында Қармақшы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы. 2011 -2016 қаңтар аралығында Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қармақшы ауданы әкімінің кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарды.
Бұған дейін де Еркебаев Мырзабек жоғары дәрежелі Құрмет грамоталары мен «Қазақстан Республикасының Құрметті жолшысы» төсбелгісімен марапатталған.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
#Қызылордаоблысы
#Қармақшыауданы
28 мамыр 2019 ж. 3 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930