КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ
Аудан орталығында «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы», «Еңбек ардагері», Ы.Жахаевтың шәкірті атанған даңғайыр дихан, «Ленин» орденінің иегері Әбен Тоғызбаевқа көше атауы берілді.
Әбен Тоғызбаев 1939 жылы қазіргі «Тұрмағамбет» ауылында дүниеге келген. 1947-1957 жылы орта мектепті бітіріп, еңбек жолын Ленин атындағы совхозда құрылысшы болып бастаған. 1962 жылдан бастап күріш егуге бет бұрған.
1964 жылы 25 гектар күріштің әр гектарынан 68 центнерден өнім алып, ІХ-шы облыс жастарының слетінде, «Дала академигі» Ы.Жахаевтың өз қолынан №1 «Еңбек аттестатын» алып, №1 «Жахаевшы» атанды. Қажырлы, адал еңбегінің арқасында 1964-1969 жылдары СССР халық шаруашылығын дамытудағы табыстары үшін, Бүкілодақтық халықшаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ВДНХ-ның) қола, күміс, алтын медалдарымен марапатталып, ВДНХ-дағы Бүкілодақтық «Құрмет тақтасына» және Республиканың «Құрмет тақтасына» ілінген. 1966 жылы «Ленин» орденімен марапатталған.
1969 жылдан бастап үзіліссіз, ширек ғасыр бойы күрішшілер бригадасының бригадирі болып, 1994 жылы зор абыройымен «Облыстық дәрежедегі Дербес зейнеткерлікке» шыққан. Саналы ғұмырын елдің өркендеуіне арнаған Әбен Тоғызбаев, 1960 жылы – Ұлмекен Құттыбаевамен бас қосып, 8 бала тәрбиелеп өсірді. Осы 8 баладан, қазіргі күні - 25 немере, 17 шөбере өрбіді.
Шара барысында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы Мақашов сөз алып, бүгінгі таңда жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде еңбегімен ер атанған, тұғырлы тұлғаның өмірі үлгі екенін жеткізді.
Сонымен бірге шараға алыс аймақтардан арнайы келген бауырлары және «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев жылы лебізін білдіріп, ұрпақтарына аймақ басшысының құттықтау хатын табыстады.
Тағылымды шара Әбен Тоғызбаев атындағы көшенің лентасын қию рәсімімен аяқталды.

Пікір 1