» » Ауданда кадрлық өзгерістер болды

Ауданда кадрлық өзгерістер болды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында актив отырысы өтті.
Жиында Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков сөз алып, аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Сүйеубаев Жалғас Оңғарұлын басқа қызметке ауысуына байланысты жауапты қызметте бірлесе жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Аудан басшысы өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті оң бастамаларды қабылдауда еңбегінің жоғары екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарын ілгерілету бағытында еселі еңбек еткен Сүйеубаев Жалғас Оңғарұлын аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес ауданымыздың ең жоғарғы наградасы Қармақшы ауданының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Айта кетейік, Жалғас Оңғарұлы ауданымызда 2016 жылдан бастап еңбек етіп келді.Өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында жемісті еңбек етіп, аймақтың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына өлшеусіз үлес қосты.
Жалғас Оңғарұлы өз кезегінде сөз алып «Қармақшы ауданында қызмет бабымен 5 жылға жуық уақыт ішінде талай тәжірибе жинап, жанашыр әріптестер таптым, қасиетті Қармақшы өңірі маған әрқашан ыстық»,- деп барша әріптестеріне алғысын айтты.

Сонымен қатар жиын барысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы бүгінгі уақытқа дейін аудан әкімі аппаратының басшысы қызметін абыроймен атқарып келген Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлын облыстық конкурстық комиссияның хаттамалық қорытындысы негізінде және аудан әкімінің өкімімен Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаны жайлы актив отырысына таныстырды.

Жұлдызхан Байназарұлы бірқатар жауапты және басшылық қызметтерді атқарған. Қаржы саласында тәжірибесі мол. Аудан әкімі аппаратының басшысы қызметінде болған уақытында да абыроймен қызмет атқарып, аппараттың жұмысын сапалы ұйымдастыра білді. Ендігі кезекте Жұлдызхан Байназарұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверлері болып табылатын ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, қаржы және экономика салаларына жетекшілік жасайтын болады. Сол себепті бұл сала үлкен жауапкершілікті талап етеді. Жаңа қызметте сәттілік тілеймін!, - деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.

Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Есдәулетов, аудандық мәслихат хатшысы Ә. Қошалақов сөз алып, әріптестеріне ізгі лебіздерін білдіріп, жаңа қызметте сәттілік тіледі.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

12 ақпан 2021 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031