» » Құрмет көрсетті

Құрмет көрсетті

Қасиетті өңір еліне еңбегін арнаған ардақты азаматтарға кенде емес. Туған елді түлету жолында тындырымды тірлігімен ерекшеленген олардың жүріп өткен сара жолы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондай ел перзентінің бірі, саналы ғұмырын мемлекеттік қызмет саласына арнап, ұзақ жылдар бойы су шаруашылығы, жер қатынасы саласында ел үшін аянбай еңбек еткен білікті басшы – Бақытжан Өтегенов.
Қойнауына есепсіз байлық тұнған даланың төл перзенті қашан да құрметке лайық. Жақында аудан әкімдігінде ел ағасына құрмет көрсетілді. Жиында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Суйеубаев оны зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтап, аудан әкімдігінің Құрмет грамотасын табыс етті.
Кездесуде сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы Бақытжан Әлиханұлының өз ісіне адалдығын атап өтіп, саладағы атқарған абыройлы қызметіне ризашылығын білдірді.
– Бақытжан Өтегенов – ел арасында қарапайым, мәрт мінезімен, біліктілігімен белгілі тұлға. Үлкен әулеттің тірегі, өнегелі әке.  Мемлекеттік қызметте жанашыр басшы, тәжірибелі ұйымдастырушы ретінде әріптестеріне, жас мамандарға үлгі, – деді ол.
Жиналған қауым ақжарма тілегін арнаумен қатар, ардақты азаматқа құрмет көрсетті. Ата салтымен ел ағасының иығына шапан жабылып, жылы лебіздер айтылды.
Айнұр ӘЛИ
26 тамыз 2019 ж. 1 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930