МЕМҚЫЗМЕТТЕГІ АРУ

Мемлекеттік қызметші арулардың қатарында Рауабану Қарекеева да бар. Ол – Төретам кенті әкімдігінде жетекші маман қызметін атқарады.Рауабану 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне «көлікті пайдалану, жолаушылармен жүк тасымалдарын ұйымдастыру» мамандығына оқуға түсіп, оны үздік дипломға аяқтаған. Мектеп қабырғасында оқып жүргеннен-ақ қоғам өміріне белсене араласады. Бұл қабілетін университет оқып жүргенде де одан әрі шыңдай түсіп, түрлі байқауда үздіктер қатарынан көрініп келеді.
Еңбек жолын түрлі саладан бастаған ол 2017 жылы мемлекеттік қызмет саласына ауысады. Негізгі атқаратын жұмысы – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі, құрылыс саласына жетекшілік жасайды.
- Мемлекеттік қызмет жауапкершілік пен ұқыптылықты талап етеді. Басты мақсатым – ел игілігі жолында қызмет етіп, халық үдесінен шығу. Менің таңдауым – мемлекеттік қызмет. Осы салаға жүргенімді мақтан тұтамын. Жұмысым өзіме ұнайды, – дейді ол.
–Байқауға әр ауданнан 5 мемлекеттік қызметші қатысты. 4 кезең бойынша өзара бақ сынастық. Әрине, қарсыластар да осал болған жоқ. Дей тұра тынымсыз еңбек пен дайындығымның арқасында жеңіс төрінен көрінгеніме қуанамын, – дейді кейіпкеріміз.
Мұнан бөлек Рауабану кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімінің алғыс хатымен де марапатталды. Өз кәсібін жан-тәнімен сүйген жанның еңбегі еленгені қуантады.
- Әрине, қуанышымда шек жоқ. Бұл маған үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әрі қарай да тынбай еңбек ететін боламын, – дейді Р.Қарекеева.
- «Дені саудың – жаны сау» деп жатамыз. Жұмыстан қол қалт ете қалса, Төретам кенті орталығында орналасқан дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барамын. Түрлі спорттық жаттығумен шұғылданғанды жақсы көремін.түрлерімен айналысамын. Одан бөлек аудан көлемінде ұйымдастырылатын мәдени шараларға да қатысамын,– дейді Рауабану.
«Қармақшы таңы».