» » Абырой биігінде

Абырой биігінде

Маусым айы кәсіби мерекеге толы. Тәуелсіз елдің күнтізбесіндегі айтулы күннің бірі – мемлекеттік қызметшілерге арналады. Тұңғыш  Президенттің Жарлығы бойынша 1998 жылдан бастап  23 маусым – елімізде мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленген. Айтулы мерекеде сала мамандарына беттедік. Жалпы алғанда, мемлекеттік қызметшінің міндеті қандай, атқарар қызметі не?
Мемлекеттік қызметші мемлекет пен биліктің айнасы секілді. Оның ар-ожданы биік, әділетті, талантты, ұйымдастырушылық қабілеті болуы шарт. Халықтың сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасын байланыстырушы буын. Сол себепті көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты.
Кез келген мемлекеттің жетіс­тігі мен гүлденуі мемлекеттік қызмет­шілерінің тиімді және кәсіби қызметіне негізделеді. Сырт көзге мемлекеттік қызмет дегеніміз – күнделікті 8 сағаттық жұмыс қана, ал шындығында ол – тәулік бойы міндет пен жауапкершілік. Олай болса, мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет. Бұл өте жауапты да қиын және қызықты қызмет екені анық.
Ал мемлекеттік қызметшіге қойылар талап қандай? Билігі мықты елдің – тірлігі құтты. Күн өткен сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылар талап та, жүктелетін жауапкершіліктің ауқымы да кеңейіп келеді. Елбасы мемлекетті тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсеткен болатын. Бұл қасиеттер – моральдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс. Ұлт жоспарын жүзеге асыру, халықтың әл-ауқатын жоғарылату үрдісінде мемлекеттік қызметшінің рөлі маңызды, өйткені олар мемлекеттік реформалардың бас­таушысы. Ауданда осындай талабы мол, жүктелер міндеті көп жұмысты атқарып, ел абыройына бөленіп жүрген 153 мемлекеттік қызметші бар. Солардың арасынан өткен жылдың қорытындысы бойынша «Үздік мемлекеттік қызметші» атағын Ерлан Еркебаев иеленген болатын. Абыройлы міндетті арқалап жүрген ол осы өңірдің тумасы. Кент орталығындағы №250 мектептен тәлім алған соң, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде «Инженер-гидротехник» мамандығын алады. Алғаш еңбек жолын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығында бастаған. 2012 жылға дейін сонда қызмет етіп, 2013 жылы туған мекенге оралып, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы қызметін атқарады.  Мұнан соң аудандық құрылыс бөлімінде инс­пектор, аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман, 2019-2021 жылдар арасында бөлім басшысы қызметін абыроймен атқарып келді. Ал биылғы жылдың сәуірінен бері Ерлан Мырзабекұлы аудан әкімі аппаратының басшысы қызметінде.
– Мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады. «Басты міндет – елге қызмет» деген мазмұны терең, міндеті жауапты сөзді еске сала отырып, мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты болуымыз қажет. Әрбіріміз еліміздің даму тарихында өз ісін, ізін қалдыратынын және келешекте оған ұрпақтары өз бағасын беретінін ұмытпауымыз керек. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей мемлекеттік қызметші әрдайым халыққа жақын болғаны жөн. Адам құндылығына қызмет ету қашан да мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу оңай емес. Дегенмен қазіргі жаһанданудың биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек ету басты мақсатымыз. Әрі бұл жолда аянып қалмасымыз анық, – дейді аппарат басшысы Ерлан Мырзабекұлы.
Қуатты Қазақстанды құруда мемле­кеттік саясаттың жүзеге асуы ат­қарылған қызметке  тікелей бай­ланыс­­ты. Аудандағы жүзеге асып жатқан игі істер мен биік белестерге қомақты үлес қосқаны үшін  кейіпкеріміз де облыс, аудан әкімінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталған. Ісіне адал, білікті маманның ауданды өркендету жолында оң бастамаларды қолдап, ігі істердің ұйымдастырушысы боларына сенім мол.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
22 маусым 2021 ж. 1 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 228

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930