» » Мемлекеттік қызмет ету - халыққа қызмет ету

Мемлекеттік қызмет ету - халыққа қызмет ету

Баршаға белгілі бес институционалдық реформаның бірінші бағыты «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» деп аталады. Расында да тәуелсіз жас мемлекетіміз әлемнің бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарынан көріну үшін ең алдымен мықты мемлекеттік аппарат қалыптастыру мәселесі ең өзекті деуге болады. Қазіргі таңда осы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыруда ең бірінші кезекте мемлекеттік қызметті дамытуға көңіл бөлініп отыр. Бұл еліміздің мемлекеттілігін нығайтып, қоғам мен мемлекетті түбегейлі өзгертуге, ең ақыры жаһандық және iшкi сын-қатерлерге қарсы атқарылатын ауқымды дүниелердің сапалы атқарылуына деген салмақты саясаттың нәтижесі болатыны сөзсіз.
Даму кезеңімізде мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, уақыттың көші жылжыған сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарда барынша күшейтіліп келеді. Нәтижесінде бұл мемлекеттік қызметтің сапасының артуына мүмкіндік береді. 1999 жылы 23 шілдеде мемлекеттік қызметшілердің барлық міндетті, мақсатты қырларын айқындайтын «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданды. Қолданыстағы осы заң бүгінгі күнге дейін бірнеше рет өзгертіліп, толықтырулар енгізілді. Бірнеше жыл бұрын мерекелік күнтізбенің қатарына 23 маусым-Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызметшілер күні» болып бекітілген болатын. Мерекенің басты мақсаты-мемлекеттік орындарда қызмет істейтін азаматтардыдың жұмысқа деген ынта-жігерді арттыру, жылдар бойы сіңірген еңбегін назардан тыс қалдырмай, марапаттау, елге талмай еңбек етіп жатқан азаматтарымыздың шығармашылығына шабыт беру, халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түсу болып табылады.
Бұдан басқа, марапаттаулар қатарына «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі бекітілді. Бұның барлығы мемлекеттік қызметшілердің абыройын көтеріп, қызметіне деген сүйіспеншілігін арттырып, жарқын нәтижелерге ынталандыруға септігін тигізеді деп есептеймін.
Жалпы мемлекеттік қызмет мен үшін жауапты міндеттер жүктейтін, абыройлы лауазым болып табылады. Бүгінде әрбір арнайы-орта және жоғары білімі бар жас мамандарға мемлекеттік қызметке келу үшін оңай жағдай жасалған. Бұл қызмет түрі үміткерден небәрі жеткілікті білімді, құқықтық сауаттылықты, өнегелі тәртіпті, адалдық пен ар-намыс тазалығын талап етеді.
Жоғары кәсіби мемлекеттік қызметті және тиімді басқару құрылымын құру ісінде міндеттерді іске асыру көбіне мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Сонымен қатар, маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар мемлекеттік қызмет имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімі деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады. Қазіргі таңда Атырау облысы соттарында қаз қатар 200-ден астам мемлекеттік қызметшілер қызмет етеді. Олардың әрқайсының мемлекет тарапынан жүктелген функционалдық міндеттері, ұстанатын қағидалары, мансаптық бағыттары бар.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа бес институционалдық реформасын ұсыну кезінде сөйлеген сөзінде - «Еңбекке ақы төлеудің төмендігінен мемлекеттік қызмет тартымсыз күйінде қалуда. Көбіне-көп мемлекеттік қызметшілерде айқын мансаптық келешек жоқ, ал қызметте жоғарылау сол баяғы қамқоршыларға байланысты. Маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар түрлі деңгейлердегі жекелеген шенеуніктердің біліксіздігінен «зардап шегіп» жатады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер корпусын ағымдағы саяси үдерістер мен жекелеген тұлғалардың тамыр-таныстығына қарамайтындай автономиялы етіп жасау маңызды міндет болып табылады. Сайлаулар, министрлердің, әкімдер мен өзге де басшылардың ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызметке әсер етпеуі тиіс»,- деген болатын.
Осы реформа төңірегінде мемлекеттік қызметшілерге, олардың басқару үдерісіне қосқан үлесінің нәтижелілігі бойынша еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу қажет. Олардың қызметтері мен экономикада қол жеткізген табыстарының әр жылдағы нәтижелері бойынша саяси қызметшілер үшін бонустар және әкімшілік қызметшілер үшін сыйақылар төлеуді қарастыру қажет деген ұсыныстарда алға тартылды.
2020 жылға дейінгі Қазақстандық даму стратегиямыздың өзінде, мемлекеттік қызметіші де, мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі де тыс қалмаған. Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру деп аталын бөлігінде мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқаруды жетілдіру арқылы мемлекеттік қызметті кәсібилендіруге шоғырландырыландыруға баса назар аударылған.
Сот жүйесі қызметінің тәжірибесі көрсеткендей, осы салада қызмет ететін мамандандар кезекті шекте біліктілік деңгейін көтеру үшін арнайы оқыту – жетілдіру курстарына жөнелтіліп отырады.
Жалпы мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы, ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Заң талап­тарымен толық сәйкестікте өмір сүріп, кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай, әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстауға тәрбиелеу керек. Басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек, құқыққа қарсы әрекеттер көрсе, бей-жәй қалмауы тиіс.
Түйіндей келе, Елбасының мына сөзімен аяқтағым келеді «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады». Елбасының осы айтқан сөздері әрбір мемлекеттік қызметші үшін басты қағидаға айналуы тиіс.
Р.Бисенова,
Қармақшы аудандық сотының бас маманы

29 тамыз 2018 ж. 2 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 232

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 336

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930