» » Түйенің еті азық, шұбаты шипа

Түйенің еті азық, шұбаты шипа


Әдетте ішкі тасжолмен Жалағашқа қарай бағыт алсаңыз, жолай міндетті түрде келе-келе түйелерді жолықтырасыз. Өркештері екі жаққа құлаған бура, желмая, бір өркеш нар, боталар жолыңызды кесе байлап, күйіс қайырған күйі мелшиіп тұрады. Түйе малын бірінші рет көргендерге бұл тамаша көрініс. Ауданға іргелес жатқан Қармақшы ауылы бұрыннан ата кәсіптен айнымай Ойсылқара жануарымен көгеріп отырған ерекше ауыл. Әдеттегідей сапарымызды осыған дәлел ретінде ауылға бет түзеп, қос өркештіні кәсіп еткендердің тынысымен таныстық. Бүгінде түйе асырап, мал басын көбейтіп отырған жанның бірі – Айжамал Жарманова.
Кейіпкердің айтуынша мал асырап, жан бағу бұрыннан қолға алған үйреншікті шаруа. Себебі төрт түлік малда береке бар, сүтін сауып ағарған ішсең, етін соғым қыласың, – дейді сөзін әріден бастап.
– Үйде бұрыннан мал ұстаймыз. Өзімнің әке-шешем де төрт түлік баққан жандар. Қазір отбасымызбен түйе малын көбейтуді қолға алып жатырмыз. Мемлекет­тік бағдарлама бойынша несие алып, басын көбейттік. Жайылымда жүрген жиырма бас түйеміз бар. Басында сиыр алып бақтық. Кейін бұзаулары өліп қалды. Оның күтімі көп жұмыс болғасын қалған сиырды түйеге айырбастадық. Түйенің басқа малдан ерекшелігі аса бейнеті жоқ. Өзі жайылып келіп, кетіп жүреді, – дейді ол.
Қорада енесіне боз­даған ботаның даусына құлағымыз елең қақты. Қолына шелегін ұстаған кейіпкеріміз, «түйе сауатын уақыт болыпты» деп жаздық қораға жол бас­тады. Бағанаға байланған түйеге ботасын жіберіп, аузына сүтін алдырды. Артынан түйенің артқы аяғын байлап, ботасын тартты. Желінге шелегін тосып, сүтін сызылдатып сауған күйі әңгімесін одан әрі жалғастырды.
– Бұл – аруана. Әзірге қорада ұстап отырмыз. Бұдан бөлек сауында жүрген төрт түйеміз бар. Нар мен аруана үш литр­дей сүт береді. Өрістен жайылып келгеніне қа­рай сауып аламыз. Ботасы кішкентай болса тез қайтады. Түйе жалпы көктем айынан бас­тап төлдесе, кешіккені маусымға дейін барады. Сосын бір жыл бойы сүт береді. Сүтін шұбатқа айналдырып ауданға өт­кіземін. Арасында қалаға да апарамын. Қыста етін соғым етіп сатамыз. Жолдасым мен балам қол көмек көрсетіп отырады, – дейді Айжамал Жарманова.
Бүгінде кейіп­кері­міздің шұбатына жан-жақтан сұраныс көп. Одан бөлек қолдан жасалған құртын да сатып алушылар кезекпен күтіп жүр. Әйтеуір барды ұқсатып, түйе малынан береке тапқан Айжамалдың кә­сібіне ауыл жұрты оң бағасын беріп те қойған.

Ерсін ӘЛІБАЙ
23 сәуір 2022 ж. 1 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031