» » Шипалы сусынды кәсіп еткен

Шипалы сусынды кәсіп еткен


Мал шаруашылығы – қазақтың қанында бар, жанына жақын ата кәсіптің бірі. Малдың бабын ежелден жетік білген дана халқымыз нәсібін дәл осы кәсіптен тапқан. Бүгінде қой, жылқы немесе сиыр бағумен айналысып жүрген шаруаларды жиі кездестірсек те, төрт түліктің төресі – түйе малын бағуды қолға алған жандарды сирек жолықтырамыз. Алайда мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, кәсіп бастауды жөн көрген қармақшылық Зүбәйра Рахманқұлованың таңдауы осы ойсылқараға түскен.
– Төрт түлік малдың барлығы да жақсы, төртеуінде де береке бар. Біреу ірі қара сиырмен айналысқысы келеді, біреу қой шаруашылығымен, енді бірі жылқы өсіруді ойлайды. Бұлардың қайсысын бақсаң да тиімді. Ал түйенің өнімі шұбатты ерекше бағалауымның басты себебі – оның емдік қасиетінде. Түйе сүті –  жүз ауруға ем. Ол ішек-асқазан ауруларын, өкпе ауруларымен күресіп,  жүйке-жүйесінің жақсаруына өте жақсы әсер етеді. Балалар мен ересектердің иммундық жүйесін қалыпқа келтіреді. Сосын тағы бір себеп, біздің жеріміз шөл, шөлейт болып келетіндіктен, осы түйе малын өсіруге өте ыңғайлы. Сондықтан менің ойымша, түйе шаруашылығының келешегі зор. Оның еті болсын, жүні болсын, сүті болсын қашанда бағалы, – дейді жеке кәсіпкер.
Кейіпкеріміз «Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021» бағдарламасы аясында грантқа қол жеткізіп, жақында 4 боталы түйе сатып алған. Шипалы сусынға тұрғындар арасынан сұраныс та мол екен.
– Қазір біз жаз айларында 3 мезгіл сауамыз. Ал қыс айларында 2 мезгіл саууға болады. Қазіргі уақытта орташа есеппен әр түйеден 2 литр сүт аламыз. Боталары әлі жас болғандықтан, қазір сүттің көп бөлігін боталарға қалдырып отырмыз. Түйе сүті бұл аппақ қар сияқты болады. Оған өзге өнімді араластыруға болмайды. Қандай істе де адалдық, шынайылық керек. Алынған өнім ауыл ішінде-ақ сатылып кетеді. Қалғаны бала-шағамыздың не­сібесі, – дейді ол.
Жолдасы басқа салада еңбек етсе, 4 перзент тәрбиелеп отырған Зүбәйра Рахманқұлова  балаларының жанында отырып-ақ кәсіп етуді қолға алған. «Бастысы – ниет. Сылтауды қойып, берілген мүмкіндікті қолдану қиын дүние емес» дейді ол әңгіме арасында. Бүгінде анасына перзенттері де қолғабыс етеді. Адал еңбегі арқылы табыс тауып, құнарлы тағам, шипалы сусын ішіп, әрі балаларын еңбекке тәрбиелеп отырған кәсіпкерге сүйсін­дік. Мақсаты айқын, алға қойған жоспары нық жанның дегеніне жетері сөзсіз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Ерсін СӘДУҰЛЫ (сурет)
13 шілде 2021 ж. 990 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031