» » » Емдік сусындар еміңізге жарасын

Емдік сусындар еміңізге жарасын

Қымыз бен шұбат – қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан сусыны. Қазақтар қай кезде де тағамның құндылығын, пайдасы мен зиянын білген. Оның ішінде осы екі сусын емдік қасиетінің арқасында жоғары бағаланған. Ал соңғы уақытта орын алған пандемияға байланысты аталған сусындардың сұранысы көбейе түсті.
Бұрын әр шаңырақтан табылатын сусынды қазір табу оңайға тимей тұр. Сусынды саудалап жатқандар саны да, бір мезетте сатылатын мөлшері де аз болып тұр. Тіпті халық арасында сұранысы жоғарылаған соң бағасын «аспанға ұшырып» қойғандар да бар. Міне, дәл осы уақытта алушысы көп сусынның пайдасы қандай?
"Қымыз – қырық ауруға ем" деп бекерге айтылмағандай. Ғылымда ол альбуминдық қасиетке ие сүттің ерекше түріне бағаланады. Мәселен, қымызда ақуыз мөлшері 1,8-2 процентке тең. Ал ақуыз кез келген сүттің ең пайдалы заты. Бие сүтінде сиырдың сүтінен гөрі қан айналым жұмысына септігін тигізетін кобальт 1,5 есе, мыс 3,2 есе көп. Ал қымыздың майлылығы сиыр сүтінен екі есе аз. Адам иммунитетін көтеруде қымыз таптырмас сусын болып саналады, себебі оның құрамында В, А, Е және С дәрумені бар.
Ал емдік қасиетіне келер болсақ, бие сүті буын аурулары, ұйқысыздық, ішек және жүйке ауруларын емдеуге қауқарлы. Дәрігерлер қан айналымының жиілету, гемоглобинді арттыру үшін қымыз ішуді ұсынады. Өз кезегінде ол тамырдың жиі соғылуы мен қан айналымының жақсаруына көмектеседі. Сондай-ақ, қымыз адамның тәбетін ашады, ағзаны ащы сусындардың зардабынан тазартады. Құрамында С дәруменінің көптеп кездесуінен ол туберкулез ауруын емдеуде көп қолданылады, яғни туберкулезбен ауыратын адамның ағзасындағы дәрумендер алмасуының бұзылуын тоқтатады. Ақуыз, пептидтер мен аминқышқылдарға қаныққан сусын сырқат адамның күш-қуатын тез қалыпқа келтіреді.
Шұбат та қазақ халқының күнделікті өмірінде ойып тұрып орын алатын сусынның бірі. Сусын ретінде, пайдасы жөнінен шұбаттың маңыздылығы зор. Өйткені оның құрамында май, ақуыз бен минералдық заттар саны көп. Оның пайдасы сауылуына, жыл мезгілі мен қоректенуіне байланысты түрліше өзгеріп отырады.
Ал емдік мәселеге келетін болсақ, халық емшілері түйе сүтіне науқасты шомылдыру арқылы жел-құз, қан-тамыр ауруларын емдеген. Шұбаттың құрамында кальций, мыс, темір, магнезий, мырыш секілді микроэлементтер, фосфор мен күкірт бар. Құрамы осындай макро және микроэлементке бай шұбатты халық емінде өкпе, асқазан ауруларын, қарқұлақ пен мешелді емдеуге қолданған. Сонымен қатар түрлі созылмалы аурудан әлсіреген ағзаны қайта қалпына келтіру үшін пайдаланған.
Шұбатпен созылмалы гастритке шалдыққан адамдарды емдеуге болады. Осы аурумен науқастанған адам 15-20 күн шұбат ішсе құлан-таза айығып шығады екен. Туберкулезбен ауыратындарды емдеу кезінде дәрілер мен қоса осы сусынды беріп, дене қызуын қалыпқа келтіреді және ауру белгілерінен арылтады. Қандағы потологиялық өзгерістер жойылады да өкпенің ыдыраған тұсы жабылады. Шұбатпен емдеу барысында дәрімен емдеуден кейінгі пайда болатын құбылыстар 2,5 есеге аз.
Шұбат ем үшін ғана емес, оның алдын алу үшін де пайдаланылады. Сусынды жиі пайдаланатындар ауруға көп шалдықпайды. Ал кішкентай бала ерте кезінен-ақ шұбат ішсе, оның организмі қалыпты өседі. Жасы келген кісілердің күш-қуаты жақсарып, ұзақ жасайды.
Міне, аталған сусындардың осындай пайдалы қасиеттері көп. Ал індет шарықтап тұрған кезеңде оны күнделікті тұтынып жүргендердің қатары да көбейгені заңдылық. Десе де мұндай сәтті қалт жібермей, емдік сусындарды бас пайдасы үшін қымбаттатып сатушылар да кездесуде. Алайда, мұндай қысылтаяң уақытта бас пайданы ойлайтын уақыт емес екені сөзсіз.
Бірлік – бәрін жеңбек. Осы уақытта әрбір адам қолдау мен көмекке мұқтаж. Індетті жеңу біздің ортақ міндетіміз. Сол себептен қолдан келгенше көмектесіп, адамдардың жазылуына жәрдемдесу қажет болып тұр.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
31 шілде 2020 ж. 1 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031