» » Қызылордалықтар үшін энергетикалық сусынның орнын қымыз-қымыран басуы мүмкін

Қызылордалықтар үшін энергетикалық сусынның орнын қымыз-қымыран басуы мүмкін

Қызылордалықтар мейірі қанып қымыз ішіп, шұбат пен айраннан дәм татты.Шаһарда ұлттық сусындар тегін таратылып жатыр. Сөйтіп «Рухани жаңғыру» орталығының акциясы аясында құрылысшылар мен қоғамдық көлік жүргізушілері және коммуналдық саланың жұмысшылары нәрлі сусынмен шөл қандырды. Көздің жауын алып, көңіл жайнататын ұлттық киімде түрленген жастар қымыз, шұбат, айранын алдымен қала тазалықшыларына ұсынды. Күннің аптабы мен жел өтінде жүрген жұмысшылар ағарғанмен таңдай жібітіп, бауырсақпен жүрек жалғады. Ал таң бозынан рейске шығып жолаушы тасымалдайтын жүргізушілер сергек болу үшін энергетикалық сусын ішетіндерін айтады. Енді денеңе қуат бітіретін қымыз-қымыран ішкен пайдалырақ екеніне олар да көз жеткізді.
Үржамал Қожабаева, «Қызылорда тазалығы» мекемесінің қызметкері:
- Бүгін біз жұмыс істеп жатқан кезде ойламаған жерден «Рухани жаңғыру» орталығының жастары келіп бізге сусын ұсынды. Көп-көп рқмет. Қазақ дәстүрін ұмытпай, насихаттап жүргендеріне біз риза болып тұрмыз.
Гүлмира Әшірбекова, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы:
- Біз тек қана сусындар таратумен ғана шектелмейміз, сол сусындардың жасалу технологиясын және сусындарды баптаудың әдістері және ұлттық сусындардың түрлері жайында көптеген мәліметтер беретін боламыз.
19 тамыз 2018 ж. 2 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930