» » Шұбаттың шипасы

Шұбаттың шипасы

qarmaqshy-tany.kz Әжемнің жаздыгүні шұбат алып ішетіні бар. Оның сыры шұбат адамға қуат береді, шөліңді басады, қысқасы дертке дауа. Бірде әңгіме үстінде оның ренжулі екенін байқадым. Оған жақындап келіп, неге ренжулі екенін сұрағанымда ол ашулы дауыспен:
Былтырғы ішкен шұбатымның дәмі әлі аузымнан кетер емес. Биыл не болғанын білмедім. Шұбат емес кәдімгі айран. Дүкендерді аралап, иісі бұрқыраған шұбатты таба алмай келіп отырмын, деді қынжылып.
Әжеме шұбат іздеп бізде біраз сарылдық. Жоқ емес, бар. Бірақ, нағыз шұбатты таппадық...
Шұбатты білмейтін қазақ жоқ шығар. Бірақ, оның дәмін тек татып ішкендер ғана ажырата алады. Шұбат түйе сүтінен дайындалатын сусын. Түйе суды аз пайдаланғаннан сүті майлы болады. Қуаты мен дәруі қасиеті қымыздан кем емес. Шұбат құрамында май, түрлі витаминдер мен тұздар бар. Оны бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашыта береді. Қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан кейін, оны адамға берер алдында шайқап, көпіршігін жақсылап араластырып ұсынады.
Сүттiң белогы мен майлылығының тепе-теңдiгi шұбаттың құнарын арттырады. Амин қышқылының құрамы да жеткiлiктi.
Түйе сүті ішкі мүшелердің қызметін реттеп, адамды семіртеді. Қазақ емшілері түйе сүтін науқастарды емдеуге қолданады. Жасы ұлғайған қарттарға, ауру салдарынан дене қуаты төмендеген науқастарға бір мезгіл шұбат ішкізеді. Шұбатты ішкен соң адам денесі балбырап терлейді, ұйқысы жақсарады, сергиді. Сондай-ақ, табиғи шұбат өнімдері адамның есте сақтау қабілетін жоғарлатып, ми тамырларына сергектік пен демалыс береді. Құрамында А, В1, Д, Е, С дәрумендері бар сусын ұзақ уақыт емделуді қажет ететін туберкулез ауруына да бірден бір шипа.
Аллергия, псориаз, қант диабеті, холлецистит, гастрит секілді көптеген аурудың көбеюіне күнде жейтін ас-ауқатымыздың химиялық, синтетикалық жасанды дүниелерден жасалуы сеп. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан адам денсаулығына қауіп төнеді. Қазақ атамыз «Асы саудың – дені сау» деп бекер айтпаса керек-ті.
Құтыдағы емдік сусынның дәмін көрмекке базарға бардық. Мұндағы «күшті» дегеннің есігін қағып шұбат сұрадық. Мақтауы жақсы болған соң бір литрін сатып алдық. Сатушының айтуынша шұбатты ауылдан әкеледі екен. Мәз боп үйге келгенімізде манағы шұбат қоюланған. Бұрқыраған иісі сезілмейді, ішкенімізде кәдімгі айран екенін байқадық. Ертеңіне дүкенге барып, сөреде тұрған сусыннан тағы бір құтысын сатып алдық. Мұндағы шұбат та көңілден шықпады. Осылай аяқ тоздырып бірнеше жерді аралағанымызбен дәмі тіл үйірер емдік сусынды таба алмай қайттық.
Жасым үлкен болған соң шаршаймын, буындарым жиі ауырады. Мұндай кезде мұздай шұбатты сіміріп салғым келеді. Шөліңді басып қана қоймай, күш-қуат береді. Кей ауруға ем болады. Бірақ, қазір нағыз шұбатты таба алмай дүкен аралап жүргеніме көп болды. Мақтап-мақтап саудасын өткізеді. Үйге әкеліп ішкенімде сатып алғаныма өкініп қаламын. Ішіне су қоса ма, ұн қоса ма білмедім. Шұбаттың дәмін ажырата алмайтындар осыны ішіп алданып жүргенін байқамайды ғой, дейді кент тұрғыны Рахима әжей.
Сатушылар шұбат ауылдан қалай келсе, қозғалмаған күйі сөреге қоямыз деп ақталып әлек. Ал, ауылдағы сусынды жіберушілер, қысқасы жауабы жоқ сұрақ.
Түйін.
Еңбек ету – дініміздің әмірі. Кез келген адам күн көруі мен мұқтаж болмауы үшін өзі еңбектенуі қажет. Ал, еңбегінің өнбегі адал, әрі ризығына харам нәрсе араластырмау – ол парыз. Алдап мал табу базар жағалағандар күнде көретін қалыпты «оқиға». Сонда, жанын ары үшін садаға еткен бағзы өрлігіміз қайда? Мұндай тамыры таяз, жат пиғылды қайдан жұқтырдық? Сонда біздің сауда қай сауда?!
Айнұр ӘЛИ

19 шілде 2023 ж. 3 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031