» » Коронавирус әлсіреткен иммунитетті жақсарту үшін ұлттық тағамдарды жеудің пайдасы зор

Коронавирус әлсіреткен иммунитетті жақсарту үшін ұлттық тағамдарды жеудің пайдасы зор

Бас пульмонолог Жанар Уразалина коронавирустың кесірінен әлсіреген имунитетті жақсарту үшін ұлттық тағамдарды жеуге кеңес берді.
Оның айтуынша, қазақтың ұлттық тағамдары – қымыз, шұбат, айранның иммундық жүйені көтеруде пайдасы зор. Бұл тағамдар иммунитеттің мықты болуына септігін тигізеді.
«Ұлттық тағамдардың қолдануға толерантты түрде қараған дұрыс. Себебі құрт, қымыз, шұбат, айран секілді тағамдардың пайдалы екенін дәлелдейтін бірнеше факт бар. Мысалы қымызда пайдалы ферменттер бар, жылқы сүтінде С, В1, В2, В12 дәрумендері және фолий қышқылы бар. Ал жылқы етінде табиғи иммуноглобулиндер бар. Сондай-ақ жылқы етінде адамның иммун жүйесінің дамуына жақсы әсер ететін минералдар мен витаминдер (магний, фосфор, марганец, калий, кальций, В1, В2, В6 витаминдері және басқалар) бар.
Негізі коронавируста вирустық этимологиясы фактісін бар екенін ескерсек, оның негізгі зияны – ол иммунитетті төмендетеді. Сондықтан қымыз, шұбат секілді өнімдерді коронавирус жұқтырған кезде де қолдансақ болады. Бірақ бұл коронавирустан толық емделіп кетесіз деген сөз емес. Оның жалғыз өзін емдеуде қолдана алмаймыз. Құрт жесең, айран ішсең коронавирус жұқтырмайсың деген сөз жалған. Оны тек иммун жүйесі жақсы болсын десең осы ұлттық тағамдарды жеудің пайдасы бар», – дейді дәрігер.
Сондай-ақ ол спирттік ішімдіктердің коронавируспен күресте еш пайдасы жоқ екенін айтты.
«Алкоголь организмнің қорғаныс функцияларын әлсіретеді, маңызды жүйелерге кері әсер етеді. Сондай-ақ иммунитетті әлсіретеді. Одан бөлек спирт өнімдері дәрі-дәрмектің әсерін тоқтатып тастайды. Демек спирт өнімдерін пайдаланудың ешқандай пайдасы жоқ», – дейді Жанар Уразалина.
12 шілде 2020 ж. 926 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031