» » Суши пайдалы ма әлде зиян ба?

Суши пайдалы ма әлде зиян ба?

Суши пайдалы ма әлде зиян ба?
Теңіз өнімдерінің пайдасы туралы жиі естиміз. Дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдардың көпшілігі күнделікті тамақтануына балықты, соның ішінде оны суши түрінде қосады. Мұндай диетаның зияны бар ма?
Пайдасы
Сушиді жеуге болады, ол қажетті де. Бұл тағамда қолданылатын ингредиенттердің сөзсіз пайдасы бар. Бастысы – орынды қолдану керек. Егер уақытында тоқтап, дастарқаннан жеңілдік сезімімен тұра алсаңыз, барлығы жақсы. Себебі суши құрамына мыналар кіреді:
Балық. Бірінші кезекте ол омега-3 майлы қышқылымен бағалы. Ол ағзаға кешенді әсер етеді. Олар холестерин деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, жүрек-қан тамырлары жүйесіне жақсы әсер етеді, ұйысқан қанның түзілу қаупін азайтады және кальций сіңірілуін жоғарылатады. Омега-3 майлы қышқылын уақытылы қолдану тері және шаш жағдайын да жақсартады. Сонымен қатар, балықта сүйекке, тіске қажетті фосфор бар.
- Күріш. Күріште В тобының барлық дәрумені, аскорбин қышқылы, РР, Н және басқа да микроэлементтер бар.
- Балдыр. Кальций, магний, калий, йод, натрий, кремний, марганец, фосфор, күкірт, A, B1, B2, B3, B6, B12, C, D, E, R, PP дәрумендері, ферменттер, көп қанықпаған май қышқылдары, полисахаридтер – бұлардың барлығы балдырларда бар. Бірақ бастысы – ол, әрине, йод. Йод – қалқанша безінің қалыпты жұмысына қажетті элемент.
- Васаби. Бұл ерекше дәмдеуішті «жапон қышасы» деп те атайды, алайда шығу тегі бойынша ол қырыққабатқа жақын. Васаби тыныс алу ағзалары ауруларымен күресуге көмектеседі. Жапондар васабиді онкологиялық аурулар терапиясына қолданады.
05 шілде 2018 ж. 1 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 515
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930