» » Нан: зиян ба, пайдалы ма?

Нан: зиян ба, пайдалы ма?

Ғалымдардың айтуынша, алғаш нан осыдан 15 мың жыл бұрын кездейсоқ пісірілді. Содан қанша заман өтсе де, нан әр уақытта адамдардың басты асы болған. Қазірде жаңа зерттеулерге байланысты, ғалымдар үйреншікті нанның ағзаға зиян қасиеттерін таба бастады. Сонымен нан зиян ба, пайдалы ма? Бұл тек қандай нан екеніне байланысты деген қорытынды жасады ғалымдар. Ақ нан әйелдерде жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін 2 есе жоғарылатады. Батон, багет сынды нандарда ағзаға сондай қажетті В тобының, Е және РР дәрумендері жоқ. Сондай-ақ обырдан қорғайтын селен де аз кездеседі. Пайдалы заттардың мұндай тапшылығы ақ нан пісіру барысындағы ұнның тартылу әдісіне байланысты.  Күнделікті бірнеше тілім ақ нан жейтіндердің басқаларға қарағанда бүйрек обырына шалдығу қаупі көбірек. Бұған нан пісіруде қолданылатын ашытқы өз әсерін қосады. Ағзамызға түскеннен кейін ашытқы тез арада таралып, жайылады. Ашытқы ағзаның табиғи микрофлорасын бұзып, бактериялардың дамуына көмектесе алады. Әр тілім ақ нан жеген сайын, сіз бауыр, асқазан, асқорту жүйесіне зақым тигізе аласыз. Алайда нансыз ас жеу мүкін емес. Сондықтан нанның дұрыс түрін таңдаңыз. Ең пайдалы нан -  бұталы дәндерден пісірілгені. Осындай нан ағзаға зиян әкелмейді, пайдасы да аз емес. Бұталы бидай, қарабидай дәндері ағзаны обыр мен сусамыр ауруларынан сақтайды. Бидайдың кебегі бұрын өндірістің қалдығы болса, қазірде кебек наны өте пайдалы саналады. Ол В және Е тобтарының дәрумендері мен микроэлементтерге өте бай. Сонымен, нанның пайдалы не зиян екені оның түріне, ұнның өңделу әдісіне байланысты екен.

25 маусым 2018 ж. 1 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031