» » ҒАЛЫМДАР: САРЫМСАҚ СЫҒЫНДЫСЫНАН ЖҮРЕК ТАЛМАСЫНЫҢ ҚАУПІ АЗАЯДЫ

ҒАЛЫМДАР: САРЫМСАҚ СЫҒЫНДЫСЫНАН ЖҮРЕК ТАЛМАСЫНЫҢ ҚАУПІ АЗАЯДЫ

    Америкалық ғалымдар сарымсақ сығындысын зерттеді. Ғылыми жұмыстың нәтижесіне сәйкес, сарымсақ сығындысын күнделікті тамаққа пайдаланған жағдайда, ол майлы тамақты жеу салдарынан қан тамырының қабырғасында пайда болатын түйінділердің санын азайтуға көмектеседі.    Science World Report хабарлауынша, зерттеу тәжірибесіне жас шамасы 40 пен 75 аралығындағы елу бес адам қатысқан. Олардың барлығы ағзадағы зат алмасудың бұзылуы салдарынан семіздік белгілері бар метаболикалық синдроммен ауыратын болған. Бұл науқастардан енді басталып келе жатқан жүрек ауруы да байқалды.
    Сынақ кезінде олардың кейбірі 2400 миллиграмм сарымсақ сығындысын ішсе, қалғандарына бұл сығынды берілмеген. Бастапқыда қатысушылардың барлығының қан тамырларындағы түйінділер мен кальций мөлшері есепке алынды.  Бір жылдан кейін осы науқастарды қайта тексерген кезде, сарымсақ сығындысын қолданған адамдардың тамырындағы түйінділердің 80%-ға дейін баяу өскендігі анықталды. Сәйкесінше, олардың жүрек талмасымен ауру қаупі де азайған.
    Мамандардың айтуынша, сарымсақтың құрамындағы көмірсутектер ағза үшін өте пайдалы элемент болып табылады.
17 наурыз 2018 ж. 1 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031