» » Адамзатты алдамаған антибиотиктер

Адамзатты алдамаған антибиотиктер

Адам ауырған кезде бірден дәрігерге баруы екіталай. Тек жаны қиналғанда ғана жедел жәрдем шақыртады.  Әрине, қандай жағдайда да көмекке келген ақ халатты абзал жандар дертті анықтап, тиісті дәрі-дәрмек жазып береді. Бірақ, сол дәрілер ағзаның сауығуына дер кезінде көмектесе ме? Бұл сұраққа «иә» деп жауап беру қиын. Кейде дәріңізден дәрмен болмай, тіпті ауруды асқындыруы да мүмкін.
Дәрігерлердің айтуынша, біз антибиотиктерді қолдану арқылы ішек жолдарындағы табиғи микрофлораны бұзып, керісінше тамақ аллергиясын тудырып, ішек жұмысын бүлдіруіміз мүмкін. Осылайша  иммунитет әлсірейді. Сондықтан антибиотиктер туралы көбірек білген жөн.  Антибиотиктердің көпшілігі ішке қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде инфекцияға қарсы тұрады. Тек емдеу курсынан толық өту керек. Өйтпейінше, инфекция ағзаға қайта оралуы мүмкін екен.
Егер отбасында бір адам антибиотиктер қабылдай бастаса, оның құрамында мырыш пен селен, сонымен бірге А, Е және  С витамині сол болуы керектігін қадағалау керек. Ол дәріден болатын дерттің алдын алады.
Үйіңізде антибиотиктермен теңесе алатын, табиғи құнарлы өнімдер тұрса, олардың да пайдасын көре аласыз. Табиғаттың осы ­сыйлары бактерияға, қышымаға және вирусқа қарсы тұра алатын жоғары сапаға ие. Олар ағзаны зиянды бактериялардан қорғайды. Сол себепті, дәрігерлер төмендегі кеңестерді ұсынады.
Табиғи антибиотиктер
Сарымсақ
Сарымсақ күшті табиғи антибиотик саналады. Ол стафилококк, стрептококк (іріңдеуді туғызатын бактериялардың бір түрі) және басқа да бактерияларға қарсы күреседі. Оны тұрақты жеген кісілер  сусамыр, жоғары қан қысымы, аллергия, тіс ауруы, жүрек дертінен сақтана алады екен.
Ақжелкек
Ақжелкек (тамыры тамаққа салынатын өсімдік) ағзадағы инфекцияны жоюға септігін тигізіп, иммундық жүйенің белсенділігін арттырады.  Тамақ ауруы мен тыныс алу жолдарының асқынуына қарсы бір -бірден бір өнім. Оны тұрақты пайдалану кіші дәрет жолдары ауруларын тудыратын бактерияларды жоюға көмектеседі.
С витамині
С витамині иммундық жүйені нығайтып, ағзаның дертпен күресу қабілетін арттырады. Бұл витаминдер иммунитетті көтеріп,  жыланның уындай әсер етеді. Нәтижесінде бактериялар мен вирусты инфекциялар жойылады. Құлан-таза жазылуға дәнекер болады.  С  витамині қарақат, апельсин, лимон, киви, құлпынай, алхоры, қарбызда мол. Көкөністерден бұрыш, пияз, ақжелкен, қырыққабат, қояншөп, қызанақ, саумалдықта да С витамині жеткілікті.
Бал
Бал ежелден емдік қасиетімен ерекшеленген. Халық арасында ол табиғи антибиотик ретінде белгілі. Ол бактерияға, вирусқа, қышымаға, қабынуға қарсы бірден бір ем.
Даршын
Даршынның дәрі-дәрмек ретінде өз тарихы бар. Көптеген пайдалы заттарға ие өсімдік бактерия мен қышыманың өршуін басады,  Даршын антиоксиданттарға бай. Асқазан дерті мен, қант деңгейін қалыпты ұстауға, қандағы инсулинді рететуге, сусамырға қарсы таптырмас ем.
Зімбір
Зімбір (тамыры асқа дәм-татым ретінде қосылатын тропиктік өсімдік) ­— суық тигенде, тұмау кезінде тұрақты қолданылатын дәмдеуіш. Ол дәрет жүргізу қасиетіне де ие.
Соңғы зерттеулерге қарағанда, зімбір тұмау вирусын өлтіріп, инфекцияға қарсы күресте иммундық жүйені нығайтады. Зімбір жүрек айнығанда, құсқан кезде, бас айналғанда, жүктілік кезде,  химиотерапия алу барысында, асқазан бұзылғанда, остеоартроз кезінде ауруды басуға, тіпті қатерлі ісікіт қайтаруға да пайдалы көрінеді.
Эвкалипт
Эвкалипт (мәңгі жасыл ағаш) жергілікті антибиотик ретінде қолданылады. Ол теріге енген кезде бактерияны жояды. Бұл өсімдік дәмді болғандықтан, шайға қосады. Инфекцияға қарсы жақсы күресетіндіктен жөтелдің барлық түрі кезінде, адамның ыстығы көтерілгенде ішкен пайдалы. Ол табиғи антисептик ретінде танымал.
Эхинацея
Эхинацея (Қызылкүрең) өсімдігі иммундық жүйенің белсенділігін арттырады, ауруды басады, қабынуды азайтып, вирусқа қарсы тұрады. Дәрілік шөп жинайтын кәсіби мамандар эхинацеяны дәрет жолдарын,  кандидоз, құлақ ауруы,  микоз, синусит, пішен безгегі, жазылмайтын жара шыққанда қолданылады.
Зерттеушілердің айтуынша, эхинацея сығындысы ұшық вирусына қарсы, суық тигенде, тұмау кезінде қолданылады.
Алма сіркесі
Алма сіркесі вирусқа, бактерияға және қышыма кезінде пайдаланылады. Алма сіркесі барлық микробтар үшін қатерлі саналады.  Ауызды шайғанда  ағзаға терең сіңеді. Қышқылдар мен зиянды заттарды ағзадан шығарады.
Лавр жапырағы
Лавр жапырағы зиянды микробтар мен  қышымаға қарсы бірден бір ем. Ол ағзада дерттің асқынуына қарсы тұрады.
Аурудан сақтанудың бірден бір жолы  — алдын алу шаралары. Сондықтан аталған, пайдалы тағамдарды күнделікті пайдалана білген пайдалы. Бұл зиянды дәрілер ішуден сақтандырып, ағза қызметін жақсартады.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ
04 мамыр 2018 ж. 2 040 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031