» » Бүйрек дерті инфарктке себеп

Бүйрек дерті инфарктке себеп

Бүйрек дерті инфарктке себеп
Нефрологтардың пайымынша, инсульт, инфаркт ауруларының туындауына көп жағдайда бүйрек аурулары себеп болады екен. Оның бірнеше себептері бар.
Мысалы, бүйрек жетіспеу­шілігі кезінде ағзада фосфор мен кальций алмасуы нашарлайды. Бұдан тамырларда кальций іркілуі, тромбоз пайда болады. Осы себепті бүйрек дертінен зардап шегетіндер­дің басым бөлігі инфаркт, инсульт алады екен.
Бүйректің созылмалы аурулары аса қауіпті. Оны мамандар бүгінде қатерлілігі жағынан обыр, өкпе, қант диабеті ауруларымен қатар қойып отыр. Бұдан бөлек, аталған аурулардың өздері де көп жағдайда бүйректің созылмалы кеселдері туындауына себеп болады.
Бүйрек артериялық қан қы­сымын рет­тейді, гемоглобин синтез­дейді, су және липидтер алмасуына, қышқыл-сілті те­пе-теңдігіне жауапты, иммундық жүйенің кейбір функцияларын атқарады. Сондықтан бүй­­ректегі қандай да бір қалыпсыздықтың бүкіл ағзаға әсері бар. Ал жағдай ушықса, гемо­стаз (ағ­заның ішкі тұрақтылығы) бұзылуынан науқас өле­ді. Ал бүйректе туа бітті ақау  болған жағдайда ол гор­мон­дық, эндокрин­дік, невро­ген­дік қа­лып­сыздықтар кесірінен кү­ше­йе береді.
Зат алмасуының бұзылуынан туындаған семіз­дік, ағзаға артық май жиналуы да бүйрекке қауіпті. Ұлпалар қан құрамындағы қантты дұ­рыс сіңіре алмай, сол себепті инсулин көп түзіледі, ол гипертонияға, диа­бетке, сосын бүй­рек жұмысының бұзылуына соқ­тырады.
Бүйрекке сонымен қатар аса көп алкоголь, никотин, калориясы жоғары тағамдар, қимыл-қозғалыстың аздығы да ауыр тиеді.
Бүйрек ауруы бірден білін­бейді. Ол бүйрек жетіспеушілігі пайда болып, ушыққасын ғана белгі береді. Сондықтан бүй­ректі уақтылы тексертіп тұр­­­ған абзал. Сынамалар тапсыру қажет. Бүйрек ауруының алғашқы белгілері: сынамада альбумин, зәрде ақуыздар анық­талады, биохимиялық сынама кезінде қанда креатин мөлшерінің артқаны анықталады. Гипертония, атеросклероз, семіздік, қант диабеті сияқты дертпен ауыратын топтарды скринингтік тексеру кезінде де бүйрек дерті  туындағандарды анықтауға болады.
Адам себепсіз тез шаршай берсе, діңкелесе, үнемі сұрланып жүрсе, онда уақыт өткіз­бей дәрігерге көрінгені абзал.
Бүйрек ауруларының ақауы созылмалы бүйрек жетіспеу­ші­лігіне соқтырады. Мұндайға душар болғандарға гемодиализ аппаратымен өмір сүруге немесе бүйрек алмастырып салатын трансплантологтар жәр­деміне жүгінуге тура келеді. Сон­дай-ақ науқастың құрсақ аумағына арнайы катетер орнату тәсілі де бар. Яғни ол құр­сағына алдын-ала дайындаған ерітінді құяды, ол ағзаны улы заттардан тазартады, яғни бүйрек жұмысын атқарады.
Міне, осындай қатерлерге ұрынбас үшін адам өзінің бүйрек саулығына қамқор болуы керек. Біріншіден, дене салмағының қалыптан ауытқымауын қадағалаған абзал. Себебі се­мір­ген кезде май жиналып, ар­тық май ұлпалары тамыр тонусын төмендететін компоненттер туындатады. Одан бүйрекке механикалық салмақ түседі, жұмысын қиындатады. Сондай-ақ бірден арықтау да қауіпті. Өйткені бүйрек сырты майлы қапшықпен қапталған, адам азып-тозған кезде ол жұ­қа­рады да, бүйректі қорғау қа­білеті азаяды.
Адам ақуызды көп пайдаланбауы керек. Оның артық мөлшері бүйрек жұмысын ауырлатады. Күніне 2 литр сұйық ішіп тұрған дұрыс. Ол қан айналымына көмектеседі, бүй­рек­те артық зиянды заттар іркілуіне жол бермейді.
Кіші дәретке де дер кезінде шығып тұрғаны дұрыс. Өйт­кені табиғи сұранысқа қарсы, өзін ұзақ тежесе несеп қабында инфекциялар көбеюі мүмкін.
Тәттіні, ащыны, тұздыны, қуы­рылған тағамды көп же­ме­ңіз. Өйткені бұлар қант диа­бетіне, артериялық гипертонияға себепкер. Ал олар өз кезегінде бүйрек жетіс­пеуші­лігін туындатады.
20 сәуір 2018 ж. 1 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930