» » Өтірік айту денсаулыққа зиян

Өтірік айту денсаулыққа зиян

Өтірік айту денсаулыққа зиян – бұл ғылыми факт. Адам өтірік аз айтқан сайын өзін физикалық және моральді тұрғыда жақсы сезіне бастайды. Ал кезекті өтірікті ойлап табу кезінде ағзаға не болады? 1. Күйзеліс гормонының деңгейі жоғарылайды Болмаған оқиғалар мен олардың егжей-тегжейін есте сақтау қиынға соғады. Оның үстіне кімге қандай өтірік айтқаныңды ұмытпай, шатаспау керек. Өтірігіңді біліп қоймаса екен деп уайымдау да бар. Соның нәтижесінде, ішкі жайсыздық туады. Ол бүйрек безінің қанға күйзеліс гормонын шығаруына әкеледі. 2. Ауырып қалу қаупі жоғарылайды Күйзеліс – эмоционалды жағдай емес, нақты физиологиялық процесс. Қанға кортизол (күйзеліс гормоны) мен адреналин тастаған кезде, ағза иммунды реакцияны сөндіріп тастайды. Бұл қалыпты жағдай, бірақ егер күйзеліс созылмалы болып кетсе, ағзаның ауруларға деген орнықтылығы қатты төмендейді. Әрдайым уайымдағаннан, иммунды жүйе бактерияларға, вирустарға, тіпті қатерлі жасушаларға да әсер ете бастайды. 3. Ағза әлсірейді Өтірік ағзаға залдағы жаттығу секілді салмақ түсіреді. Бірақ өтіріктің денсаулыққа және дене пішініне ешқандай пайдасы жоқ. Өтірік көбейген сайын күшті көбірек жоғалтады. Сондықтан адам өзін қатты шаршаңқы сезінеді.

23 маусым 2018 ж. 2 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930