» » Жасартатын азық-түлік

Жасартатын азық-түлік

Жасартатын азық-түлік
Көпшілігі адамның түрі генетикаға байланысты деп ойлайды. Иә, оған генетиканың да байланысы бар. Алайда, генетика сыртқы келбеттің 25%-на әсер етеді. Оны зерттеушілер бір күнде туған және бірдей генетикалық жинағы бар егіздерге тәжірибе жүргізу арқылы дәлелдеді. Сыртқы келбетке өмір сүру салты (тамақтану, спорт, гармониялық қатынас), зиянды әрекеттің болмауы, ұйықтау тәртібі және экологиялық орта сияқты басқа факторлар да әсер етеді.
Зерттеушілердің айтуынша, жасартатын гендердің жұмысын іске қосатын азық-түліктер бар. Жақсы нәтиже болуы үшін тамақ ішу мәзіріңізге гендердің жұмыс жасауына әсер ететін азық-түліктерді қоссаңыз болғаны.
Алғаш рет америкалық дерматолог Николас Перриконе азық-түліктер гендердің жұмысына әсер ететінін жариялады. Бірнеше бестселлер авторының айтуы бойынша, ағзадағы генетикалық қондырғы тұрақты емес. Олар адам өмірінде түрленуге ұшырайды. Генетикалық қондырғыға әсер етудің маңыздысы – біздің немен тамақтанатынымыз. Николастың ойынша, азық-түліктегі калория мөлшері емес, ондағы құнарлы заттар маңызды. Кей азық-түліктер ағзаның қартаюын баяулататын жасартушы дәрі секілді екен. 
Қара шоколад
Шоколадта какао мөлшері көп болуы қажет. Какао құрамында процианидин-б2 бар. Онда түрлі жұқпадан қорғайтын феноменді қасиеті болады. Бұл зат теріге өте пайдалы. Сондықтан тері балғындығын сол қалпында сақтағысы келетін әйел адамдар таза қара шоколад  қолданғаны жөн. 
Арқан балық (лосось)
Көптеген диетологтардың Арқан балық және басқа да балық түрлерін күнделікті тамақтану мәзіріне қосу керек деген пікірін Николас Перриконе де құптайды. Мұндай балықта тері құрылымына қажетті ақуыздар көзі, омега-3 майлы қышқылы және антиоксиданттары бар. Осы үш элемент ағзаның жасаруына көмектеседі. Себебі, оның тамақтану мәзірінде болуы ағзаны жасартатын гендерді іске қосады екен. 
Даршын (корица)
Бұл дәмдеуіш тағамдар мен сусындарға ерекше дәм беріп қана қоймайды, ол – өмірді ұзартатын мықты құрал. Даршын қандағы қант мөлшерін реттейді, мидың жұмысын жақсартады және зейін қабілетін жоғарылатады. Сонымен қатар, даршын ағзадағы иммунды жүйенің жұмысын белсенді қалыпта ұстайды. 
Саңырауқұлақ
Диеталардың көпшілігінен саңырауқұлақтар алынып тасталған. Оны аса бағалы, құнарлы қасиеті жоқ және сіңірілуі ауыр тағам деп есептейді. Алайда соңғы кезде жүргізілген зерттеулер саңырауқұлақтардың кей түрлері иммунды жүйеге пайдалы әсер беретінін, зат алмасуды жақсартатынын және бауырды бекітетінін дәлелдеді. 
Шиитаке саңырауқұлақтары пайдалы антиоксиданттарға толы. Түлкішек (лисичка) саңырауқұлағы селенге бай. Ол бауырға және несеп-жыныстық жүйеге өте пайдалы. Сонымен қатар, көптеген саңырауқұлақ D дәруменіне бай, сондықтан, күнге көп шықпайтын адамдарға саңырауқұлақ жеген жөн. 
28 мамыр 2018 ж. 1 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031