» » ҮЗДІК ТҮЙЕКЕШ

ҮЗДІК ТҮЙЕКЕШ

Сонау нарықтық қатынасқа көшкен жекешелендіру жылдарындажұрт қорасындағы азын-аулақ қой-ешкісінкерек-жарағына айырбастап, малсыз қалғаны рас. Елде мал басының күрт азаюы барша қазақ халқына ауыр тиді. Содан беріде ел үкіметі  халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған көптеген бағдарлама қабылдап, мал басын өсіруге күш салды. Нәтижесінде сайын даламыз төрт түлік малмен толықты.
Бізде ата кәсіпті қолға алып, түйе өсірумен айналысатын «Қармақшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.  2003 жылдан бері түйе шаруа­шылығымен айналысуды қолға алған Қанибай Айтымбетов асыл тұқымды бактриан түйесін өсіреді. Бұл айыр өркешті түйенің таза қандысы. Шаруа­шылық құрылғалы түлік бап­тау­дың шебері, еңбекке епті азамат Мұсатай Байқазақов отбасымен жұмыс істеп келеді. Мал басының артуы шаруашылық иесінің қажырлы еңбегі, маңдай терінің арқасы десек, М.Телқараұлы биыл барлығы 140 бас түйеден 20 бас бота алып, мал басын 100 проценке сақтаған.
Ата кәсіпті қолға алып, төрт түлікті түлеткен малшылар қауымы Қаратау бөктеріндегі «Үсен бауы» жайлауында бесінші мәрте бас қосты. Бұл жиынға біздің ауданнан да мал өсірумен айналысатын, табысты еңбек етіп жүрген қожалық басшылары қатысты. Заманауи озық технологияны енгізіп, сапалы өнім өндіру, сондай-ақ экспорт әлеуетін арттыру мақсатында өт­кен мазмұнды жиында жерлесіміз, «Қармақшы» ЖШС түйекеші Мұсатай Телқараұлы «Үздік түйекеш» номинациясы бойынша марапатталды.
Ол алғаш 2014 жылы өткен малшылар слетінде де үздіктер сапынан көрінген еді. Еңбек адамының мұн­дай құрметке бөленуі – 20 жылдан аса бір шаруашылықта табанды еңбек етуінің нәтижесі. Жары Айжамал Нақыпова сауыншы. Әркез отағасының жанынан табылып, алаңсыз  жұмыс істеуіне жағдай жасап келеді.
– Түйе өсіру – Қазақстанда мал ша­руашылығының ең тиімді бағытының біріне айналды. Өйткені айыр өркешті түйе  климат таңдамай өмір сүруге бейім.  Сондай-ақ жайылымды басқа ауыл шаруашылығы малдарына зиянын тигізбей жыл бойы пайдалана алады. Біз отырған жерде су да, жарық та бар. Шаруашылық басшысы Қа­нибай Айтымбетов бар жағдайды жасаған. Қыс қыстауда, жаз жайлаудамыз. Бала кезден түйе өсірудің қыр-сырын көріп өскен ұлдарымыз жанымыздан табылып, қолғабыс етіп жүр. Аптасына 3 мәрте аудан орталығына шұбат жеткіземіз. Қай салада жүрсең де, қандай еңбек етсең де еленгенің жақсы ғой. Екінші мәрте «Үздік түйе­кеш» номинациясын алдым. Бұл от­ба­сымның жемісі, – дейді марапат иесі.
Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық, көлік, азық ретінде қатты қас­терлейміз. Шұбаты шипа түлік тө­ресі – түйе өсірген жан табыссыз бол­майды.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
16 шілде 2019 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031