» » Жылқы баптауда жастарға үлгі

Жылқы баптауда жастарға үлгі

«Салт-сананың негізі – елдің қолындағы кәсібінде» дейді. Расымен, ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң – еліңнің туын көкке көтере аласың. Ал мұндай жандар арамызда аз емес. Әсілінде ауылдық жерлерде азын-аулақ малының басын көбейтіп, мемлекет берген мүмкіндікті тиімді пайдаланғанның қатары артқан. Солардың бірі – Қуаңдария ауылының тұрғыны, жас кәсіпкер Олжас Ешмағанбетов.
22 жастағы жігіт Алматы технологиялық университетінде «Биотехнология» мамандығы бойынша білім алады. Дипломын қолға алған соң ауылға қарай қадам басады. Солай ол былтыр жылқы бордақылау мақсатында «Бизнес Бастау» бағдарламасымен 505 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алады. 3 бас тай алып, күтіп-баптап, семірген соң сатылымға шығарып, орнына басқасын әкеледі. Жұмыс процесі үш ай сайын осылай өрби береді. Бірақ бұл бір ғана қыры. Жас кәсіпкер сол кезеңде бұл жобадан бөлек, жылқы басын көбейту үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2 миллион теңге көлемінде несие алады. Алған қаржыға 5 бас байтал алып, биыл олардың саны көбейген. Осылайша талапты жастың таңдауы төрт түліктің ішіндегі жылқыға түскен. Сайып келгенде, ата-бабаларымыздың түлік ішіндегі жақсы көргені де осы жануар. Таза, ішсең сусын, жесең ет, мінсең көлік.
– Бұл жануар жағдай жасағанды, бапты, күтімді қажет етеді. Сол үшін оның жем-шөбінің құнарына мән беремін. Әзірге ешкім жұмыспен қамтылып тұрған жоқ. Алға қойған мақсатым көп. Егер кәсібім берекелі болып, тынысы кеңейсе, неге қамтымасқа? Кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін алдымен оның қыр-сырын меңгеру керек. Әрине, басында қиындық пен кедергі болары рас. Бастысы – жобаны тереңірек зерделеп, қаржыны мақсатты жұмсай білу. Сонда ғана еңбек зая кетпейді, – дейді Олжас Ешмағанбетов.
Оның өз ісін өрістетіп, жылқы малын бордақылауды, санын көбейтуді кәсіп еткеніне жыл толды. Жиырма екі жасар жас кәсіпкердің атакәсіпті өрістетуге деген ынтасы зор. Алға қойған мақсаты айқын. «Екі қолға бір күрек» алып, кәсібінен нәсіп көріп отырған жан бүгінде межелі мақсатын кезең-кезеңімен орындауда. Бір білетініміз, ол маңдай терді төгіп, адал еңбек етуді естен шығарған емес. Бұл ауыл жастарына көп үлгі.
Түйін
Шағын және орта бизнесті дамытуға мемлекет айрықша басымдық беруде. Нәтижесінде, ауданда кәсіпкерлік кең қанат жаюда. Солай кәсіпке ынталы азаматтардың күн санап қатары артуда. Әрине, бұл өз кезегінде өңір экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосады.
Айнұр ӘЛИ 
22 қыркүйек 2020 ж. 534 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031