» » Несие алды, наубайхана ашты

Несие алды, наубайхана ашты

«Жұмыс жоқ, мемлекет жұмыс тауып берсін!». Әйтеуір қаптаған міндеттілік. Ал қайсымыз ел алдындағы, мемлекет алдындағы борышымызды өтеп жүрміз? Несиеге көлік мініп, ақшасын өтеу үшін «тәксөвәт» етіп жүргеннен өзіңді-өзің жұмыспен қамтыған әлдеқайда тиімді. Мемлекет мүмкіндік берді. Несие ал да, жаның қалаған кәсіпті аш. Айтарға жеңіл болғанмен, лезде кәсіпкер атану қиын болар. Бірақ қиындықтан қашып, қайда бармақсыз?
Тәуекел ету – кәсіпкерліктің шарты. Онсыз ешкім алға жылжи алмайды, кәсіп иесі атанбайды. «Мүмкін болмай қалса ше?» деген соқыр үрейдің бойды билейтіні де жасырын емес. Тың идеясы бар жастар талап қылып, батыл қадам басып келеді. Сол себептен өңірдегі кәсіпкердің дені – жастар.  
 Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет тарапынан біршама бағдарлама жүзеге асуда. Солардың бірі – ауыл тұрғыны үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы – 2020». Екі қолға бір күрек ұстап, кәсіп ашып, бизнесін дөңгелеткендер қатары артқан. Мәселен, соңғы жылдың өзінде кәсіп ашқандар саны еселенген. Солардың бірі – Махмут Қазақбай. Бүгінде ол ашқан наубайхана тұрғындарға 24 сағат бойы үздіксіз қызмет көрсетуде.  Жастайынан кәсіп ашуды армандаған жанның ісі берекелі. Оның негізгі мамандығы – заңгер. Орта және жоғары білім алған. Алайда өз мамандығы бойынша қызмет ету оған бұйырмапты. Талапты жас бос жатпай еңбек етіп, нәпақа табуға бел буады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 12 млн теңге көлемінде несие алып, ойлаған кәсібін дөңгелетуге білек-сыбана кіріскен. Наубайханада бөлке нан, батон, сайка, қара нан сияқты нан өнімдері пісіріледі. 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы қызметке тұрғындар да дән риза.
– Адам бір орында тоқтап қалмауы керек. Қазір арамызда жұмыссыз жүргендер баршылық. «Мемлекет жасаса, мемлекет әперсе, мемлекет жұмыс тауып берсе» деген жалған желеумен күнелтуде. Адам талпынбай жетістікке ешқашан жеткен емес. Басында әрине үрей болды. Бірақ жеңе білдім. Еңбек еттім. Нәтижесі  жаман емес. Алға қойған мақсатым көп. «Қалауын тапса – қар жанады» дейді ғой. Бұл кәсіптен бөлек түрлі бағыттағы салада кәсіп ашқым келеді, – дейді жас кәсіпкер.
22 жастағы талапты жас мұнымен тоқтап қалмақ емес. Мемлекет тарапынан тағы да қолдауға ие болса, пластик бұйымын жасайтын, дәнекерлейтін цех пен балалар ойнайтын ойын-сауық кешенін ашсам дейді. «Бірер күн шаршарсың, бірақ өзіңе жұмыс істегеннен шаршағанға не жетсін?» дейді ол тағы да.
Алла қарекет қылғанға береді. «Жеміс піссе, аузыма түссе» дегенді қазіргі қоғам көтермейді. Тек тәуекел еткенде ғана жаңа бастамаға қадам басуға болады. Ал сіз тәуекел ете аласыз ба?

Айнұр ӘЛИ
12 ақпан 2020 ж. 1 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031