» Күннен күннің айырмасы қашан болады?

Күннен күннің айырмасы қашан болады?

Аудан орталығы. Ардагерлер аллеясы. Үш жігіт отыр. Күңкілдейді келіп. «Кешегі күннен бүгінгінің айырмасы жоқ» – дейді бі­реуі. Екіншісі: «Оның рас, уақыт дегенің зымырап барады. Жұмыс жоқ, қол бос. айырмасыз күндер заулап барады» – дейді күйініп. Үшіншісі лажсыз бас шұлғиды.
Бір күннен бір күннің айырмасы жоқ. Осы сөз жиі айтылатын болып жүр. Бір күннен бір күннің неге айырмасы жоқ? Күннен күнді айырмай жүрген не? Масылдық. Жалқаулық. Болашаққа бажайлап қарамау.
Біз осы құрғырларды мойнымызға мінгізіп алдық. Көмектесу қажет, жәрдемдесуі керек. Кім-кімге? Мемлекет халқына. Алақан жаймас заманда қайыр тілеу кімге опа? Ешкімге! Теледидарды қоссаң жылау-сықтау. Үйімнің шатырын жел ұшырды. Мемлекет көмектесу қажет. Баспанам қирады, мемлекет жәрдемдесуге тиіс. Жұмысым жоқ, мемлекет жұмыс тауып берсін! Қаптап жатқан міндеттілік. Ал қайсымыз ел алдындағы, мемлекет алдындағы борышымызды өтеп жүрміз?
Мысалдан мысал туады. Сол Ардагерлер аллеясы.Таң қылаң бере бір келіншек ішін тазалайды да жүреді. Тыным таппайды. Кеше ана маңда бір топ жасөспірім отырып шемішке шаққан. Қоқысы үйіліп жатыр. Мына маңда бір топ қыз сусын ішіп, селфилетіп суретке түскен, балмұздақ жеп, аллея орындығына қашап есімін жазған. Аллея – мемлекеттің мүлкі. Ал мемлекеттің мүлкіне жанашырлық танытпай, сол мемлекеттен міндет сұрауымыз артықтық емес пе? Бұл бір ғана мысал.
Мемлекет мүмкіндік берді. Тиісті орыннан несие ал да, кәсібіңді аш. Несие алып, көлік мінгенше, өзіңді өзің жұмыспен қамты. Қарызға көлік мініп, көңіл бірлеген ешкім жоқ. Несиесін төлемегендердің көлігі самсап тұр айып тұрақтарында, банктың айлақтарында. Айтарға жеңіл болғанмен, лезде кәсіпкер атану қиын болар. Бірақ қиындықтан қашып, қайда бармақсыз? Жұрт істегенді сіз істей алмайсыз ба? Әлде оның несібесін Алла зор етіп пе? Жоқ! Алла қарекет қылғанға береді. «Жеміс піссе, аузыма түссе» деген дәурен өтті. Осылай жүргенге кім кінәлі? Кімге қапалық қылмақсыз? Шамаң жетпегенге ұмтылма демейді ешкім. Өз күніңді өзің көр дегенмен, мемлекет берген мүмкіндікті пайдалан. Сонда бір күннен бір күннің айырмасы болады.
Жалқаулық. Қайтсем күнім оңалар, қайғы-мұңым жоғалар? Жә, жата бергенге, ешкім бата бермес. Әке мен шеше қашанғы асырамақ? Өмір алма кезек, бүгін бар ертең жоқ ұққанға. Өмірге келдің бе тырмыс. Жанталас деген жаһандану дәуірінде жалқаулықты желкеге мінгізгенің жарамас. Жер үйде тұрсаң, кесек құй, қамба жатқыз. Кесектің өзі – 10 теңге. Күніне мыңын құй, жүзін құй. Әйтеуір тырбан. Бірер күн шаршарсың, бірақ өзіңе жұмыс істегеннен шаршағанға не жетсін?
Қыс түссе қамыс ор. Қамыстың бауы пәленбай сом. Жаз түссе қамба жатқыз, кесек құй. Күз келсе, пішен ор, шөп баула. Көктем келсе, аулаңдағы бақшаны аудар, дән сеп. Айтуға оңай болғанмен, қиын деп жатқаннан жемісті кім ауызға салар? Қазір кез келгеннің ауласын көріңіз. Екінің бірі бақша екпейді. Есесіне ақша тауып, сатып алғанды құп көреді. Ақша қайдан табылады, жұмыс істемесең? Сылтау қай кезде де бітпейді. Ақ су жоқ дегеннен Бәрін айт та, бірін айт, тірлік етудің жырын айт. Қолдан келерін істе, тырбаңда. Мемлекеттен несие ал, кәсіп қыл. Ал ондай болмады екен, кімге өкпелейсің? Ешкімнің ешкімге, адамның мемлекетке міндеті жоқ. Міндетсінсең, күннен күннің айырмасы болмайды.
Дастанбек САДЫҚ.
---
27 қыркүйек 2018 ж. 1 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031