» » » Жалқаулық һəм масылдық

Жалқаулық һəм масылдық


Менің де, сіздің де, оның да, жалқаулық отыр мойнында. Ерттеп алған-ау, сірə. Түскісі жоқ. Мінгізген кім? Елдің ертеңін жарқын етпекке ұмтылған Елбасы, болашағын баянды етуге тырмысқан Үкімет те емес! Мына өзіміз!
Қалай дейсіз бе? Масылдықты азық еттік те, мінгіздік! Санамызда жазылып қалған бір жайт бар, бізге бəрі даяр болу керек! Біз бəріне тік қасықпыз! 
Үкімет бізге жоғары жалақылы жұмыс беруі тиіс!
Билік бізге баспана салып беруі керек!
Үкімет баламызды асырауға жəрдемдесуі қажет.
Баламызды оқытуы тиіс.
Жəрдемақы беруі қажет.
Тегін емдеу. Тегін дəрі беру керек.
Əйтеуір толып жатқан міндет. Ал біз сонда не істейміз? Жағалауда аяғымызды суға малып, көкжиектен батып бара жатқан күнге қарап, самайымызда ойнаған самал желден лəззат алып отыруымыз керек пе? Құдайға шүкір! Заманымыз тыныш. Кім не істеймін, не қоямын, қалай өмір сүреміз десе де өзі біледі! Мұнан артық не керек? Етектен тартқан жоқтық, балақтан енген тарлық, жағадан алған кедейшілік жоқ.
Рас кедейшілік жоқ бізде. Бар болса қалаға да, далаға да қаптаған тойхана саламыз ба?  Жарысып, тартысып. тырмысып, миллиондарды шашып пішпе той, миллиондарды төгіп қыз ұзатып, ұлға шаңырақ көтертеміз бе? Бір жылғы азыққа жетер қаржыға тойханада тұсау кесер жасаймыз ба? Бала – болашақ. Болашақты жарқын ету – өз қолымызда. Аста-төк тойға жұмсаған қаржыға балаңызға үй əперіңіз. Шын айтамын, екі тарап, қыз ұзатқан жақ екі милионды, ұл үйлендірген тарап 3 не 4 миллионды жиып, шаңырақ көтерген жас отбасыға баспана əперсін. Нақа болмаса, үйлену – оңай, үй болу қиын деген, ажырасу осы жоқтықтан, жетіспеушіліктен шығады. Екі тойға жұмсалған қаржыны екеудің ертеңіне жаратайық... Той да несиеге ме? Онда көрпеге қарай көсілейік. Аста-төк той істеп, артынан өкініп, бармақ тістегенге мемлекет кінəлі емес.
Ливия, Ирак, Сирия. Тұрақтылық жойылып, сананы тұрмысқа билеткен заман туған елдер. Оның қасында Қазақстанда  қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман ғой.
Осындай тыныш заманда неге аузымызды ұядағы балапандай билікке аша түсеміз? Не себеп? Жұмыс керек пе? Мемлекет мүмкіндік берді, қайта даярлаудан өтіп, қоғамға қажетті маман бол. Болмаса солтүстікте жұмыс күші тапшы, сонда қоныс аударып күн көр. Ол мүмкін емес пе? Жылына мыңдаған, миллиондаған жұрт жұмыс іздеп шетел асады. Қарапайым өзбек ағайынды алыңыз, бала-шағасынан жырақ шет елде ұлтан болып, балшық пен кесектен үй тұрғызып күн көруде. Ал біздікі не масылдық?
Былай болмаса, мемлекет берген несиеден алып, кəсіп баста. Пайызы аз, ешқандай қыспағы жоқ бағдарламалар арқылы өз күніңді көруге тырыс. Қиын ба? Одан басқа қандай мүмкіндік керек? Тегін ірімшік тек қақпанда болады.
Мемлекет мүмкіндік берді. Ендігісі тырмысу. Жанталасу. Жағаласа жүріп өмір сүру. Үкімет берген пайызы аз несиені алып мақсатпен жұмса.
Біздің ешкімге өткізіп қойғанымыз жоқ. Жеміс – еңбек еткенге, маңдай терді төккенге беріледі. Нарық масылдық пен жалқаулықты ұнатпайды.

Дастанбек Садық.
 
07 сәуір 2018 ж. 1 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031