» » Мемлекет басшысы Татарстанға жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Татарстанға жұмыс сапарымен барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан астанасы Қазанға жұмыс сапарымен барды. Онда Президент бірқатар маңызды кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Алдымен Қазан федералды университетінде студенттермен және оқытушылық құраммен жүздесу ұйымдастырылады. Бұл оқу орнында 40 мың студент білім алады. Солардың 500-і қазақстандық. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Татарстанның басты сәулеттік нысаны Қазан Кремліне барады. Онда Мемлекет басшысы Рустам Миннихановпен кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, кеше Президент футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсімін және Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы алғашқы ойынды тамашалаған болатын.
15 маусым 2018 ж. 1 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031