» » ТАЛАП ҚЫЛҒАНҒА ТАБЫС КӨП

ТАЛАП ҚЫЛҒАНҒА ТАБЫС КӨП

Заманға сай кәсіпкер болу – көп адамның арманы. Кімнің дәулетті, материалдық жағынан толық болғысы келмейді? Әлбетте, адамдар кәсіпкер болғысы келгенмен оны неден бастау керегін білмей жатады. Мұндай кезде кәсіпкерлік палатасы көмек қолын созуға қашан да әзір.
Жалпы, кәсіпке бет бұрған жан алдымен өзінен: «қолымнан не келеді, осы істі әрі қарай жалғастырып әкете алам ба, болашағы қаншалықты? – деп сұрауы керек. Рас, кәсіпкерліктің бас­ты шарты – тәуекел ету. Онсыз ешкім ешқайда бара алмайды да, белгілі бір кәсіп иесі атана да алмайды. Кәсіп ету үшін адамға бірқатар қабілет керек. Мәселен, ұйымдастыра білу, үнемі іздену, жауапты, белсенді болу. Айтпақшы, бұл тұрғыда бастағалы отырған кәсіпті дұрыс таңдай білу, нарық экономикасын жан-жақты зерттеу мен тұтынушының өнімге деген сұранысын бажайлау да маңызды екенін естен шығармаған абзал. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет тарапынан көптеген бағдарлама жүзеге асуда. Соның бірі – ауыл тұрғыны үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­дарламасы» мен «Бизнестің жол картасы – 2020». Осы айтулы бағдарламалар ая­сында облыстық кәсіпкерлер па­латасының аудандық филиалы «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қаржылай емес оператор ретінде «Бастау Бизнес» және «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша оқу курсын ұйымдастыруда. Айта кетерлігі, аталған курс тегін жүргізіледі, сондай-ақ, арнайы сертификат тапсырылады. Мұнымен қоса, әрі қарай несие қаражатын алу үшін палата қызметкерлерімен сүйемелдеу жұмысы жалғасын тауып, дайындалған тиісті пакет қаржы институтына ұсынылады. Жоба жеңімпаз болып табылған жағдайда несие үстемесі 6 пайыздан аспайды. Аталған бағдарламаға кімдер қатыса алады? Бағдарламаға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыса алады. Тағы бір тиімділік – ауылдық жердегі кез келген жылжымайтын мүлік кепілге алынады. Ол үшін аудандық жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлер палатасына өтініш берсе жеткілікті.
Филиалда өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының «Қаржылай емес қолдау» бағытымен кәсіпкер болуға ниеті бар 440 азамат ақпараттанып, кеңес берілді. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасымен 220 адам оқып, оның 181-і жобасын сәтті қорғап шықты. Ал, «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 156 азамат оқу курсынан өтті. Қаржыландыруға келер болсақ, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде 50 жобаны қаржыландыру межеленсе, жыл қорытындысында жалпы құны 448,6 млн. теңге болатын 161 жоба қаржыландырылды. Атап айтқанда, «АШҚҚҚ» АҚ арқылы – 59, «Қызылорда» ӨИО МҚҰ арқылы – 102 жоба несиелендірілді. Мұнан басқа, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасымен 10 жобаны қаржыландыру жоспарланса, жос­пар толығымен орындалып, 155,7 млн. теңгеге несиелендірілді. Аталған бағдарлама аясында гранттар беру бойынша конкурс комиссиясының қарауына 92 жоба ұсынылған. Оның 33 жобасы жеңімпаз атанып, 23,2 млн. теңгенің грантына қол жетті. «Микробизнес – Қызылорда» бағдарламасы бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС-нен 62,85 млн. теңге болатын 22 жоба, ал, «Даму-Аймақтар» бағдарламасымен «Жаңажол» ЖШС айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 83,6 млн. теңгеге несиелендірілген.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Ал, кәсіп етемін, көсегемді көгертемін деген жанға біздің есігіміз қашан да ашық. Мемлекет тарапынан осындай үлкен қолдауға ие болып отырған саланы дамыту – кез келген адамның қолынан келетін іс.

Арман ЕРМЕКБАЕВ,
облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры.
24 қаңтар 2019 ж. 1 595 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 07:51
Viagra Nombre Generico Sinus Infection Treatment Amoxicillin Dossage 30 Day Sertraline Paypal viagra Virgara Sales Sildenafil Kaufen Deutschland

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930