» » ТАЛАПТЫҒА ТАБЫС КӨП

ТАЛАПТЫҒА ТАБЫС КӨП

Тәуекел ете аласыз ба? Иә, кәсіпкерліктің шарты осындай. Онсыз ешкім алға жылжи алмайды, кәсіп иесі атанбайды. Мәселен, біз несиеге қымбат қалтафон алуға қорықпаймыз. Ал сол несиеге кәсіп бастау үшін тәуекелге бел буамыз ба? Жоқ. «Мүмкін болмай қалса ше?» деген соқыр үрейдің бойды билейтіні жасырын емес. Тың идеясы бар жастар талап қылып, батыл қадам басып келеді. Өңірдегі кәсіпкердің дені – жастар.
Кәсіп ету үшін адамға бірқатар қабілет керек. Ол ұйымдастыра білу қажет,  үнемі іздену керек. Айтпақшы бұл тұрғыда бастағалы отырған кәсіпті дұрыс таңдай білу де, нарық экономикасын жан-жақты зерттеу мен тұтынушының өнімге деген сұранысын бажайлау да маңызды екенін естен шығармаған абзал. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға мемлекет тарапынан біршама бағдарлама жүзеге асуда. Солардың бірі – ауыл тұрғыны үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы – 2020».
Ауданда екі қолға бір күрек ұстап, кәсіп ашып, бизнесін дөңгелеткендер қатары артқан. Мәселен, соңғы жылдың өзінде кәсіп ашқандар саны еселенген. Солардың бірі – Қанат Үсенов. Бүгінде ол ашқан монша тұрғындарға қызмет көрсетуде.  Жастайынан кәсіп ашуды армандаған маманның ісі берекелі. Осыдан 3 жыл бұрын «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 800 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алады. Берілген қаржыға кәсібінің алғашқы кірпішін қалап, құрылыс заттарын толықтырады. Бір жылдан соң «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы арқылы 2 миллион теңге көлемінде қаржы алып, бастаған кәсібін одан әрі дөңгелетеді. Монша қасына сауна бой көтерген. Ерекше дизайнмен салынған сауна көз тартады. Мұндағы қызметке тұрғындар дән риза. Сондай-ақ аталған нысанда 4 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
– Адам бір орында тоқтап қалмау қажет. Қазір орда бұзар отыз жаста да әке-шешесінің мойнына мініп, жұмыссыз сенделгендер баршылық. Мемлекет жасаса, мемлекет әперсе, мемлекет жұмыс тауып берсе деген жалған желеумен күнелтіп жүр. Не үшін? Адам талпынбай жетістікке жеткенін көріп пе едіңіз? Басында әрине қорқыныш сезімі болғаны жасырын емес. Бірақ жеңе білдім. Талпындым. Еңбек еттім. Нәтижесі  жаман емес. Алға қойған мақсатым көп. Соның бірі – жылқы алып, мал бордақылау, – дейді жас кәсіпкер Қанат Үсенов.
Түйін
Мемлекет тарапынан қолдауға ие болған кәсіпкер бизнесін алдағы уақытта кеңейтуді көздейді. Ал кәсіп етемін, көсегемді көгертемін деген жанға аудандық кәсіпкерлер палатасының есігі қашан да ашық. «Қалауын тапса – қар жанады». Шешілмейтін мәселе жоқ. Тек арман мен ниет тоғысса болғаны.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
24 шілде 2019 ж. 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031