» » Күннен күннің айырмасы бар ма?

Күннен күннің айырмасы бар ма?


Бір күннен бір күннің айырмасы жоқ. Осы сөз жиі айтылатын болып жүр. Бір күннен бір күннің неге айырмасы жоқ?

Масылдық. Біз осы құрғырды мойнымызға мінгізіп алдық. Көмектесу қажет, жәрдемдесуі керек. Кім-кімге? Мемлекет халқына. Алақан жаймас заманда қайыр тілеу кімге опа? Ешкімге! Теледидарды қоссаң жылау-сықтау. Үйімнің шатырын жел ұшырды. Мемлекет көмектесу қажет. Баспанам қирады, мемлекет жәрдемдесуге тиіс. Жұмысым жоқ, мемлекет жұмыс тауып берсін! Қаптап жатқан міндеттілік. Ал қайсымыз ел алдындағы, мемлекет алдындағы борышымызды өтеп жүрміз?

Мемлекет мүмкіндік берді. Тиісті орыннан несие ал да, кәсібіңді аш. Несие алып, көлік мінгенше, өзіңді өзің жұмыспен қамты. Қарызға көлік мініп, көңіл бірлеген ешкім жоқ. Несиесін төлемегендердің көлігі самсап тұр айып тұрақтарында, банктың айлақтарында. Айтарға жеңіл болғанмен, лезде кәсіпкер атану қиын болар. Бірақ қиындықтан қашып, қайда бармақсыз? Жұрт істегенді сіз істей алмайсыз ба? Әлде оның несібесін Алла зор етіп пе? Жоқ! Алла қарекет қылғанға береді. «Жеміс піссе, аузыма түссе» деген дәурен өтті. Осылай жүргенге кім кінәлі? Кімге қапалық қылмақсыз? Шамаң жетпегенге ұмтылма демейді ешкім. Өз күніңді өзің көр дегенмен, мемлекет берген мүмкіндікті пайдалан. Сонда бір күннен бір күннің айырмасы болады.

Жалқаулық. Қайтсем күнім оңалар, қайғы-мұңым жоғалар? Жә, жата бергенге, ешкім бата бермес. Әке мен шеше қашанғы асырамақ? Өмір алма кезек, бүгін бар ертең жоқ ұққанға. Өмірге келдің бе тырмыс. Жанталас деген жаһандану дәуірінде жалқаулықты желкеге мінгізгенің жарамас. Жер үйде тұрсаң, кесек құй, қамба жатқыз. Кесектің өзі – 10 теңге. Күніне мыңын құй, жүзін құй. Әйтеуір тырбан. Бірер күн шаршарсың, бірақ өзіңе жұмыс істегеннен шаршағанға не жетсін? Сонда бір күннің бір күннен айырмасы болады.

Мағмар Мақсым.
24 қаңтар 2019 ж. 1 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 052

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031