» » Қанаттыға – кең өріс

Қанаттыға – кең өріс

Биыл елімізде «Жастар» жылы. Елбасының саясатымен жүзеге асырылып жатқан түрлі бағыттағы бағдарламалар игі жемісін беруде.
Бүгінде кәсібін дөңгелетіп, қоғамнан өз орнын тапқан талапты да дарынды жастар арамызда жетерлік. Сондай талапты жастың бірі –Тұрмағамбет ауылының тұрғыны Рүстем Әбдірауықов.
Рүстем өз замандасы сияқты «2017-2021 жылдарғы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында былтыр «Мүйізді ірі қара басын көбейту және бордақылау» жобасы бо­йынша «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы алған несиесіне мүйізді ірі қара аналығын сатып алып, оны көбейтуге жұмыс істеуде.
– Өткен жылы отбасымен ақылдаса отырып, кәсіп ашуға шешім қабылдадық. Мемлекеттік бағдарламаға қатысып 8 бас сиыр сатып алдық. Олардың 6-уы төлдеді. Әзірге нәтиже жаман емес. Алла қаласа, бірер жылда мал басын көбейтіп, бордақылауды бастамақшымын. Қорада ірі қарадан басқа жылқы, қой бар. Ата-баба кәсібін қолдан келгенше өркендетуді парыз деп білемін. Тіпті, әлі де қолдау болып жатса, бастаған істі одан әрі өркендетуге жұмыс істемеймін, – дейді жас кәсіпкер.
Тұрмағамбет ауылдық ок­ругі әкімдігінің маманы Айдос Мұхамбетқалиевтың айтуынша, ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға белсенділік танытып жүрген жас­тар аз емес. Оның ішінде, мал шаруашылығы мен тұрмыстық-қызметтік кәсіпті қолға алуға құлшыныс білдірушілер саны күннен-күнге артуда.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
21 тамыз 2019 ж. 1 593 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 902
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 556

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930