ШЕБЕР

Қармақшы ауданында кәсіпкерлік саласы дамыған өңірдің бірі – Төретам кенті. Кентте кәсіпкерлік қызметтің барлық түрі бар. Сонымен қатар өңірде Елбасының қолдауымен жүзеге асырып жатқан мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін дөңгелетіп, одан өз несібін та­уып жүргендер де жетерлік.
(Сурет ғаламтордан)
Жас та болса ел мүддесі үшін еңбек етіп, абырой биігінен көрініп жүрген жанның бірі – Гүлназ Сәрсенбаева.
Замандастары арасында беделі ар­тып, өз кәсібін одан әрі өркендетуді алдына мақсат етіп қойған Гүлназ Берікқызы бүгінде Төретам кенті ор­талығындағы «Меруерт» сауда орта­лығынан бөлме жалдап, мемле­кеттік «Жұмыспен қамту  – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қорғаған жо­­басымен қайтарымсыз несие алып, тігіншілік кәсіпте жемісті ең­бек етуде.
Жас кәсіпкер көмекшісі Гаухар Қаржауовамен бірге сәбилерге арналған  киім және заман талабы бойынша атау алған конверт, кокон, сонымен бірге қазақы оюмен өрнектелген қыз және бесік жасауы, көрпе-жастық тыстарын тігіп,  тапсырыс берушінің көңілінен шығуда.
– Маған тігіншілік қасиет әкем­нен дарыған. Ол кісі тігіншілік кәсіпке бейім болатын. Әжем де қазақ аналары сияқты киіз басып, кілем тоқыған, тігіншілік кәсіптің шебері болыпты. Әрбір тігінші үшін тұтынушы талабын орындау –  міндет. Әрине оның еңбегі бірінші кезекте тұтынушының талабымен құрметтеледі. Біздің болашағымыз да еңбегімізбен өрнектеледі. Жұмыс барысы әзірге өз деңгейінде жүруде. Жоспарым бірінші кезекте отандық өнімдерді өндіруді жолға қою. Керекті шикізатты Алматы қаласынан алдырамын. Балалар мен жастар және ересек адамдарға арналған қазақы үлгідегі көйлек тігіп, ұлттық тігін өнерін көтергім келеді. Алла қаласа ол да жүзеге асады деген тілектемін. Сондай-ақ  жеке тігін цехын ашуға жұмыс істеудемін. Ол да жуық арада іске асырылады. Бірге жұмыс істейтін Гаухар тігін машинасымен қандай да болмасын істі тез әрі сапалы орындайды, – дейді Гүлназ Берікқызы.
– Кентте Гүлназдай жас кәсіп­керлер жетерлік. Олар басқа кәсіп түрімен айналысады. Биыл Елбасының қолдауымен елімізде «Жастар жылы» болып белгіленді. Осы орайда Үкімет тарапынан  кәсіп етемін, деген жастарымыз қолдау тауып, түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Әрине жобадан өз үлесін алуда жастар құлшыныс білдіруде, – дейді Төретам кенті әкімдігінің маманы Айгүл Әбішева.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
10 шілде 2019 ж. 1 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031