» » Қойдың жайын білген көгерер

Қойдың жайын білген көгерер

qarmaqshy-tany.kz КЕШЕГІ КЕҢЕСТЕН КЕЙІН ЕЛ ТОҚЫРАП, ӨНДІРІС ТОҚТАП, ЕҢБЕКАҚЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨЗДЕН БҰЛ-БҰЛ ҰШҚАН ҚИЫН КЕЗЕҢДЕРДЕ ҚОЙ МАЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ БЕРЕКЕСІН САҚТАП, АҚША ОРНЫНА ЖҮРІП, АЗЫҒЫ МЕН КИІМІ БОЛДЫ. БІРАҚ КЕЙІН КЕЛЕ ЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛІП, ОСЫДАН БАСТАП ҚОЙ БАСЫН КӨБЕЙТУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. БҮГІНДЕ ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ОТАНДЫҚ АГРОБИЗНЕСТІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛДЫ. ОСЫ БІР ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН ТҮРЛІ ҚОЛДАУЛАР КӨРСЕТІЛУДЕ.
Мемлекет ұсынған бағдарламаны іске асырып, қайтарымсыз несие арқылы кәсібін дөңгелетіп жүрген жастардың қатары күн санап артып келеді. Мәселен былтырғы жылы «Ұлттық жоба» шеңберінде бизнес-жоспарды іске асыруға аудан бойынша 370 кәсіпкер қайтарымсыз грант ұтып алған. Солардың қатарында Алдашбай ахун ауылының тұрғыны Сара Жалғасбек осы жобаның игілігін көріп отырғандардың бірі. Ол Шопан ата түлігі қой шаруашылығын дамытып, көбейтуді жөн көрген. Дана қазақ «Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деп қойдың бағасын бір-ақ ауыз сөзге сыйғызып айтқандай. Шынымен де қойдан келетін пайда көл-көсір. Қазақ үшін төрт түліктің қайсысы да қымбат. Дегенмен, қойдың өз орны, өз дәрежесі бар. Парықтай білсек, қой малы қазақтың дәстүрлі шаруашылығында жоғары бағаланған.
Қош. Кәсіпкер Сара бизнес-жоспарды іске асыру мақсатында былтыр жоба арқылы 30 бас қой алған. Жолдасының қолдауымен осы шаруашылыққа бет бұрып, мал басын көбейтуде.
– Қой асырап, оны бағу маған таңсық дүние емес. Бала күнімде әкемнен көп үйренгенім бар. Өзім Жаңақорғанның қызымын. Ол жақта мал шаруашылығына көп көңіл бөледі. Ата-анам бұрыннан мал ұстаумен айналысып жүрген жандар. Үйімізде қора-қора қой болды. Әкемнің қасында жүріп мал жайғап, көмектесетінмін. Кейін оқуға түсіп, оны бітіріп, Алдашбай ахун ауылына тұрмысқа шықтым. Жолдасым жылқы шаруашылығымен айналысады. Уақыт өте ақылдаса келе қой бордақылауды қолға алдық. Мұнымен тек мен айналыспаймын. Қайын атам мен жолдасым қарайласып, бағуда. Бұйырса қой басы көбейіп, пайдасы болып жатса әрі қарай да жоспарымыз бар, – дейді ол.
Кейіпкеріміздің негізгі бітірген мамандығы мұғалім. Қазір бала күтіміндегі демалыста жүргесін бос отырмай кәсіппен айналысуды қалапты. Кейін мамандығыммен жұмыс істесем, кәсібімді де тастамай жалғастырамын дейді.
Қазір қой шаруашылығын көбейтумен айналы-сатындардың қарасы көбейгенімен, оның әрі қарайғы пайдасын көретіндердің саны аз. Шопан ата түлігінен келетін пайда мен ырысты бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мәселен қойды жесең тамақ, кисе киім, дертке шипасы да бар. Оның әрбір мүшесі, терісі мен жүні, сүйегі, олардан жасалатын бұйымдар, заттар туралы жеке-жеке сөз етуге болады. Болашақ қой шаруашылығын кәсіп етемін деген ниеттілерге осы пайдасы жағын да ойлап, қолға алса деген ұсыныс біздікі. Себебі малда береке бар. Ал пайдасын біліп көзін тапқанға ол үлкен табыс.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 қаңтар 2023 ж. 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031