» » Мал өсірсең, қой өсір...

Мал өсірсең, қой өсір...


Қой шаруашылығын ата кәсі­бім деп ардақтаған қазақ «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар» демеп пе еді?! Ұлттық тағамдарымызды етсіз елестету қиын, әрине.
Қой қай кезде де қазақтың берекесін сақтап, ақша орнына жүрді, азығы мен киімі болды. Қазір елдің жағдайы түзелді, қой басын көбейту де қолға алынуда. Мал басын көбейтуге ниет білдірген осындай жанның бірі – ІІІ интернационалдық Бағила Каикбаева.
Мемлекеттің қолдауы аясында кәсіпкерлік негіздерін тегін меңгерген ол қайтарымсыз грант ұтып, қой өсіруді қолға алды. Аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында білім алып, тиісті сертификатты иемденеді. Бұл – тұрақты табысы болмаған бұрынғы жұмыссыз жанның кәсіп бастауына мол мүмкіндік туғызды. Ал 583 мың теңге көлемінде грант ұтып алуы, өзінің бизнес жоспарында көрсеткен мал шаруашылығы кәсібін бастауына септігін тигізді.
– Ауылдың негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Жолдасым екеуміз қой басын өсіріп, одан мол өнім алуды ойлап жүргенбіз. Қолдан келетін істі неге жасап көрмекке деп бекініп, ауылдың кәсіпкерлік жөніндегі маманынан кеңес алдық. Осылайша білімімді жетілдіріп, грантқа ие болып, 12 бас қазақы қой сатып алдық. Қой бағу, мал өсіру біздің ата кәсібіміз болғасын, мен үшін бұл шаруа ешқандай қиындық туғызбайды. Алдымызға мал салып, еңбек етуге жағдай жасалып тұрғанда, мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды, – дейді ол.
Жаңа кәсіп бастаған олар қойдың санын өсіру үшін жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Негізінде, мал өсіру оңай шаруа емес, маңдай терді талап ететін адал кәсіп. Оның жем-шөбінің дайындығының өзі үлкен мәселе. Бірақ, «еңбекпен келген нан тәтті» демей ме? Кейіпкеріміз болашақта қойдың етін өндіріп қана қоймай, кәсібін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.
Ауылдың дамуына өз үлестерін қосуды басты міндеті деп есептейтін ерлі-зайыптылар еңбектің ешкімге тәуелді етпейтінін жақсы түйсінеді.
Қиын шаруаның қиысын келтіріп, отбасының нәсібін осы кәсіптен көре білген жас отбасы болашақтарын ауыл­мен байланыстыруға бел буған.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
25 желтоқсан 2021 ж. 1 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031