» » Кәсіпке жол ашқан жоба

Кәсіпке жол ашқан жоба

Талапбек ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ, жас кәсіпкер:
– Шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта мемлекет тарапынан біршама жұмыс жүргізілуде. Түрлі бағдарлама аясында оқу курсы қарастырылған. Соның бірі – жастар жылына сәйкес ұйымдастырылған «Жас кәсіпкер» жобасы. Кәсіп бастау үшін ең алдымен осы курсты оқыдым. Онда кәсіпкерлік негіздері, кәсіп бастаудың алғышарттары, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау, кәсіпкердің міндеті мен атқаратын қызметін меңгеріп, бизнес-жоспар дайындадым. Курсты аяқтаған соң, қайтарымсыз несие алуға құжат өткізіп, жоба қорғадым. 505 мың теңге көлемінде грант ұтып, бүгінде жеке кәсіп иесімін.
Елімізде мен секілді 20 жастағы азаматтың кәсіп бастауына мүмкіндік болғанына қуаныштымын. Қазіргі уақытта «Азат» шаштаразында қызмет етемін. Болашақта жеке шаштараз ашып, кәсібімді кеңейткім келеді. Мен үшін биыл кәсіпкерлікке аяқ басқан құтты жыл. Жаңа жыл баршаға жаңа мүмкіндік пен табыс әкелсін.
01 қаңтар 2020 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 013
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 686

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031