» » Кәсіпке оңтайлы бетбұрыс

Кәсіпке оңтайлы бетбұрыс

Кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігін шыңдап, экономикалық қуатын арттыратын саланың бірі - кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнестің дамуы халықтың әл-ауқатын жақсартады. Сол себепті де дамыған елдер шағын кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Бүгінде дамушы елдің көпшілігі шағын бизнеске ден қойып, қолдау білдіруде. Қазақстанда да осы бағытта түрлі бағдарлама мен жобалар іске асуда.

Әлем елдері бойынша шағын бизнестің дамуы жөнінен көш бастап тұрған АҚШ пен Жапония. Мәселен, АҚШ-та тіркелген кәсіпорынның 97 проценті шағын кәсіпкерлік болса, Жапонияда бұл көрсеткіш 99 процентті көрсетеді. Қос мемлекетте де жалпы ішкі өнімнің үлесі шамамен 60 пайызды құрайды. Себебі күншығыс елінде шағын және орта бизнесті қолдауға жыл сайын шамамен 180 млрд қаржы бөлінеді екен. Нәтижесінде 6,5 млн кәсіпорын іске қосылып, 54 млн халық жұмыспен қамтылған. Мұндай нәтижеге жетудің сыры мынада. Америка конгресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасап, қолдау мен дамыту үшін бағдарламаламар енгізген. Ал Жапония үкіметі банктер алдында қарыздық кепілдеме беріп, салықты табысқа жеткен соң ғана төлеуге жеңілдік қарастырған. Мұндай көмек кәсіпкерліктің қанатын кеңге жаюына әсер етуде.
Бүгінде елде бизнес бастағысы келген жанға мүмкіндік те, мемлекет тарапынан қолдау да көп. Кәсіп ашқысы келгендер үшін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының есігі әрдайым ашық. Тек көрсетілген бағытты әрі қарай жетілдірсеңіз болғаны. Осы орайда аудандағы кәсіпкерлік палатаның жұмысы туралы сөз етпекпіз. Кәсіпкерлік палатаның кәсіпке қол созғанға берер көмегі қандай? Олардың жұмысы қаншалықты нәтижелі?
Елбасы әрбір Жолдауында кәсіпкерлік саласын көркейтуге ерекше тоқталды. Мәселен, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай 50 процентке жеткізуді тапсырған. Бүл үрдіс әлі де жалғасуда. Әсіресе шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында бірнеше жобалар қабылданып, іске асуда. Осы орайда кәсіпкерлік палатаның атқарып жатқан қызметі зор. Яғни, палата ¬– бизнеспен айналысуға ниетті адамды қолдап, оларға кәсіпкерлік негізін оқытып, бизнес-жоспар құруға жәрдемдесіп, қаржы алуға демеу білдіруде. Мұнымен қоса, оларды әрдайым сүйемелдеп, мониторинг жүргізіп, қажет жағдайда кәсіпкердің құқығын қорғау мақсатында да жұмыс істейді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында үш жоба іске қосылған. Биыл аудан бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 240 адам оқытылып, 103 адам қаржыландырылып кәсібін дөңгелетуде. Нақтырақ тоқталсақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ¬– 6 жоба, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы – 10 жоба қаржыландырылып өз жұмысын жүргізуде. Ал қайтарымсыз грант ұту арқылы 87 жоба қолдау тапты. Сондай-ақ, жастар жылымен тұспа-тұс келген «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 110 адам кәсіпкерлік негіздерін үйренсе, 47 жас қаржылай қолдау алып, өз кәсібін бастап кетті. Атамекен сервис порталы арқылы онлайн түрде оқытылатын «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 160 азамат білімін жетілдіріп, 60-тан аса азамат жеңілдетілген несие алды.
– Биыл кәсіп ашам деушілерге қолайлы жыл болды. Көптеген жаңа бағдарламалар іске қосылып, нәтижесінде кәсіптік білімін жетілдіргендер қаржылай қолдау тапты. Жалпы несие алушылар мен грантқа қол жеткізгендердің басым көпшілігі ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Оның ішінде мал шаруасын дамытуға ниеттілер қатары көп, – дейді кәсіпкерлерге қызмет көрсету бойынша менеджер кеңесші Қуанышбек Аяпов.
Сонымен қатар, биыл заңдық тұрғыдан көмек көрсетуге кәсіпкерлерден 13 арыз түскен. Оның 10-ы салық мекемесіне байланысты. Палатаның көмегімен барлық арыз толықтай қанағаттандырылып, оң шешімін тапқан. Бұл да кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерді қолдау мақсатында жасалған бір қызметі. Жалпы кәсіпкерлік палатасы жұмыссыздықпен қамту мекемесімен бірлесе отырып, аудандағы жұмыссыздар санының азаюына сүбелі үлес қосып отырған мекеме. Кәсіп ашқан адам өзін жұмыспен қамтып қана қоймай, өзгеге де жұмыс ұсынуда. Кәсібінің нәсібін көріп отырғандар бұл мекеме жұмысына дән риза. Игі бастамаларды елге үйретіп отырған бұл мекеменің ісі алға баса бермек.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
10 желтоқсан 2019 ж. 1 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031