КӘСІПКЕРЛІК ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиында 2018-2020 жылдар аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп жарияланды. Бұған басты себеп, Елбасы тапсырмасына сәйкес, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту, аймағымызда шағын және орта бизнестің үлес салмағын арттыру мақсатында облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, қоғамдық кеңес пен кәсіпкерлер палатасының шешімімен осындай тоқтам жасалды.
Аймақ басшысы аталған кезеңде негізгі басымдық өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға берілетінін атап айтты.
– Мен бұған дейін де бірнеше рет аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы бір уақытта 3 маңызды мәселені шешетінімізді айтқан болатынмын. Біріншіден, ол салық базасының ұлғаюы, екіншіден, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, үшіншіден, қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруы. Мұның барлығы кәсіпкерліктің дамуы арқылы шешімін табады. Неліктен жаппай кәсіпкерлік? Себебі, бізде міндетті түрде жұмыспен қамту қажет 64 мыңнан аса жұмыссыз және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азамат бар, – деді облыс әкімі.
Ескерерлігі, жұмыссыз азаматтар мен өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың дені елді мекен тұрғындары. Ал, мұндай кезде іргелі кәсіпорындарды дамыту оңай емес. Яғни, мұнан шығатын түйін – шағын және орта бизнес арқылы ғана жұмыс орындарын ашып, ел экономикасын нығайтуға болады. Жалпы, жаппай кәсіпкерлік – бір мезгілде 3 маңызды мәселені шешеді. Бұл тұрғыда облыста бірыңғай жол картасы әзірленді.
Жиында Қ.Елеуұлы жол картасындағы 5 басты көрсеткішті атады. Біріншісі – жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер санын 40 мыңға дейін ұлғайту, екіншісі – микро, шағын және орта бизнесте кемінде 90 мың тұрақты жұмыс орнын құру, үшіншісі – 2 млн. теңгеден астам жылдық айналымы бар 9 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілерін құру, төртіншісі – облыс жалпы қосылған құндағы шағын және орта бизнестің үлесін жыл қорытындысымен кемінде 192 млрд. теңгеге жеткізуі тиіс. Айталық, қала және аудан әкімдері электрондық сауданы еселеп дамытуы керек. Бесінші көрсеткіш – облыс ағымдағы жылдың қорытындысымен жалпыөңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін кемінде 15 пайызға өсуіне қол жеткізу қажет.
Аймақ басшысы атап айтқандай, Сыр елінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша үш жылдық жұмыс бұдан әрі де жандана түспек. Өйткені, шағын және орта бизнес дамығанда ғана ауыл әлеуеті мен экономикасы нығая түседі. Мұны уақыт өзі дәлелдеп отыр.
Бағыт – белгілі, жоспар – айқын. Алда тек жауапты тұлғалардың жан-жақты жұмыс істеуі қалып тұр. Бүгінгі күнгі нәтиже де көңілге қуаныш ұялатады.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».